Меню CARMA.KZ

Жеке меншік көлік құралдары қай өңірде көп тіркелген

Қазақстанда тамыз айында 96,9 мың көлік құралы есепке қойылды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда тамыз айында 96,9 мың бірлік көлік құралы есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10,6% кем. Оның ішінде тіркеуге қойылған жеңіл көліктердің саны 11,7%-ға азайса, керісінше жүк көліктері 7,7%-ға, автобустар 31,4%-ға артты.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралының саны 4 377,7 мың болса, оның 87,7%-ы жеңіл автомобиль, 10,4%-ы жүк автомобилі және 1,9%-ы автобус.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде жеке тұлғалардың меншігінде 3 630,9 мың автокөлік бар. Олар негізінен Алматы облысы (465,7 мың бірлік), Алматы қаласы (460,3 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (275,9 мың бірлік) азаматтарына тиесілі.

Мерзімі 20 жылдан асқан жеңіл көліктер Алматы облысының (317,6 мың бірлік), Алматы қаласының (194 мың бірлік) және Қарағанды облысының (156,4 мың бірлік) азаматтарында басым. Ал шығарылғанына 3 жылдан аспаған жеңіл автомобильдер Алматы (50 мың бірлік) мен Астана қалаларының (46,7 мың бірлік) және Қарағанды облысының (18,8 мың бірлік) азаматтарының иелігінде.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
14.10.2022, 13:26