Меню CARMA.KZ

Volvo Group және Volkswagen Ресейдегі активтеріне сатып алушылар іздеп жатыр

Батыстың қос өндірушісінің кәсіпорны Калугада орналасқан.

Volvo Group және Volkswagen Ресейдегі активтеріне сатып алушылар іздеп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Volvo Group және Volkswagen Ресейдегі активтеріне сатып алушылар іздеп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Volvo Group және Volkswagen компаниялары Ресей Федерациясындағы активтерін сатқалы жатыр, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Ресейде биылғы ақпанның соңында жүк көліктерін шығаруды доғарған Volvo Group бизнесін толықтай немесе ішінара сату арқылы оңтайландырудың түрлі жолдарын қарастыруда деді швед компаниясының өкілі.

«Қазіргі жағдайда Volvo Group Ресейде операциялық қызметін жүргізе алмайды, сондықтан бизнесті бейімдеу және қызметкерлерді қысқартуды бастау жөнінде шешім қабылданды», – деп келтірді басылым дереккөздің сөзін.

Қазіргі сәтте концерннің ресейлік бизнесін ішінара, сонымен қатар толықтай сату жолдары қарастырылып жатыр. Дерекккөз сатып алушы ТМД елдерінің біріндегі компанияның дистрибьюторы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Болжам бойынша, компания 2023 жылдың І тоқсанында мәмілеге отыруы мүмкін.

Көлік концернінің ресейлік активтеріне Калугада орналасқан кабиналарды дәнекерлеу және бояу, сондай-ақ жылына 15 000 бірлік техника шығаратын зауыттар және елдің түрлі қалаларында өзінің көліктеріне қызмет көрсететін төрт сервистік орталығы жатады. Калугада, сонымен қатар, немістің Volkswagen концернінің де активі орын тепкен. Motor.ru ресурсының жазуынша, ол да сатып алушы іздеп жатыр.

«Компаниядағылар алдағы уақытта маңызды құрамдастар жеткізуді жол қою мүмкін болмайды, сұраныс төмендейді, сондықтан мұндай жағдайда Калугадағы кәсіпорын артық шығын болатынына сенімді. Оны ресейлік немесе қытайлық инвесторға сатпақшы, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ», – дейді Motor.ru.

Volkswagen-нің бірден шешім қабылдай алмауына 4000 қызметкер алдындағы қаржылық жауапкершілігі мен автомобильдерін жөндеу бойынша кепілдік міндеттемесі кедергі болуда. Компания елден тек осы мәселелерді шешкен соң ғана кете алады.

«Сыбыс бойынша зауытты сатып алуға қазақстандық Asia Auto мен аустриялық Steyr Automotive компанияларынан ұсыныс түскен, алайда Volkswagen-дегілер бұл компаниялармен келіссөздер жүргенін ресми түрде растаған жоқ», – деп атап өтеді аталмыш ресурс.

Volkswagen Group Rus зауыты «Грабцево» технопаркінде конвейерді биылғы көктемде орнатқан болатын. Мұнда оған дейін Tiguan, Polo және Skoda Rapid модельдері құрастырылып келді. Ал Төменгі Новгородтағы «Группа ГАЗ»-дың өндірістік алаңында Volkswagen Taos, Skoda Kodiaq, Skoda Octavia және Skoda Karoq өндірісі жолға қойылған. Еуропалық бизнес қауымдастығының деректері бойынша, Volkswagen-нің Ресейдегі саудасы 2021 жылы 14%-ға, 86,1 мың данаға төмендеп кетті. Дейтұрғанмен 2022 жылдың 9 айында Ресейде Volkswagen брендімен құрастырылған 16 мыңнан аса автомобиль сатылған.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
20.10.2022, 10:39