Меню CARMA.KZ

Toyota тамыз айында 777 мың көлік сатты

Жапонның автомобиль жасаушы компаниясының саудасы 3,8%-ға өсті.

Toyota тамыз айында 777 мың көлік сатты/ Фото: Getty Images
Toyota тамыз айында 777 мың көлік сатты/ Фото: Getty Images

2022 жылдың тамызында Toyota Motor Corporation Toyota автомобильдерін, сондай-ақ, Daihatsu және Hino еншілес компанияларының сауда нәтижелерін жариялады. Жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігі мен індетке байланысты шектеулерге қарамастан, көліктердің саудасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда, біршама өскен.

«Жартылай өткізгіштердің тапшылығы мен COVID-19-ға байланысты болжам жасау үшін жағдай әлі де күрделі болып отыр. Дегенмен, қосалқы бөлшектерді жеткізу жағдайын әлі де мұқият бақылайтын боламыз және мүмкіндігінше өндірістің кенеттен қысқаруын азайтамыз. Қысқа мерзімде тұтынушыларға көліктерді көптеп жеткізу үшін бар күшімізді саламыз», — делінген Toyota Motor Corporation хабарламасында.

2022 жылдың тамызында әлем бойынша Toyota автомобильдерінің 777 мың данасын сатқан. Бұл 2021 жылдың тамызына қарағанда, 3,8%-ға көп. Ал Daihatsu және Hino еншілес компанияларының әрқайсысында сату көрсеткіштері 54,9 және 12,1 мың болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,5% және 0,6%-ға артық, деп жазады Finance ресурсы.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
03.10.2022, 11:08