Меню CARMA.KZ

Toyota көліктерінің дөңгелектері неге түсіп қалатынын түсіндірді

Бұған дейін жапондық автоконцерн мұндай мәселені BZ4X электрлі көліктерінен анықтаған болатын.

Toyota көліктерінің дөңгелектері неге түсіп қалатынын түсіндірді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Toyota көліктерінің дөңгелектері неге түсіп қалатынын түсіндірді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Toyota клиенттеріне BZ4X электр көліктерін дилерлік орталықтарға қайтару қажеттігі туралы хабарлады. Себебі көлік дөңгелектері қозғалысты бастағанда түсіп қалуы ықтимал.

Жапон компаниясы Еуропадан, Солтүстік Америкадан және Жапониядан барлығы 2,7 мың көлікті қайтарып алды, деп жазады Reuters ресурсы.

Бұл кінәрат Toyota BZ4X саудаға шыққаннан кейін бірден пайда болды. АҚШ-та барлығы 260 көлік сатылып үлгерген. Сондай-ақ, алдын ала тапсырыс берген, бірақ көліктерін әлі алмаған тұтынушылар да бар.

Мәселе дөңгелектердің нашар тартылған күпшек бұрандамаларында екені анықталды. Олар күрт бұрылыстар мен тежеулер жиі болатын кезде босап кетуі мүмкін. Көп жағдайда бұл көліктен шығатын өзіне тән шуылдар арқылы білінді. Бірақ қозғалыс кезінде дөңгелектердің түсіп қалған жағдайлары да болған.

Жапонияның көлік департаменті Reuters басылымына, Toyota күпшек бұрамаларын ауыстыратынын және оларды мықтап тартатынын хабарлады.

Сондай-ақ, жапон автоконцернің сарапшылары BZ4X электрлі көліктерінен тағы да бір ақауды анықтады. Олардың қауіпсіздік жастықтары дұрыс орнатылмаған. Алайда қазір ол кінәратты да жойған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
07.10.2022, 10:18