Меню CARMA.KZ

Tesla артық өндіру дағдарысына тап болғанын жоққа шығарды

Электромобиль шығаратын америкалық компания үшінші тоқсанда нарыққа жеткізген көліктен 22 мыңға артық өндірген.

Tesla артық өндіру дағдарысына тап болғанын жоққа шығарды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Tesla артық өндіру дағдарысына тап болғанын жоққа шығарды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Американың электромобиль шығаратын Tesla компаниясы нарықта 2022 жылдың үшінші тоқсанында құрастыру мен жеткізу көлемі арасындағы айырмашылықтың өсіп кетуі негізінде туындаған өнімдерін асыра өндіріп тастағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Interfax.ru.

Tesla алдыңғы үш аймен салыстырғанда, үшінші тоқсанда жеткізуді 34,5%-ға арттырып 343,83 мың көлікпен рекорд орнатты. Сарапшылар бұл брендтің сауда көрсеткіші 371 мың көлікті құрайды деп болжады. Олар үшінші тоқсанда жақсы көрсеткіш көрсеткен америкалық компанияның жалпы өндірістік қуаттылығына қарап осындай баға беріп отыр. 2022 жылдың шілде-қыркүйекте Tesla кәсіпорындарында 365 923 мың автомобиль шығарылды, бұл екінші тоқсандағы көрсеткіштен 41%-ға артық.

Осылайша, үшінші тоқсанда Tesla өндірісі мен жеткізілімдері арасындағы айырмашылық 22 мыңнан сәл асты. Бұл 2022 жылдың сәуір-маусымындағы ұқсас айырмашылықтан (4 мың) едәуір көп. Ал сарапшылар өндіріс қарқыны сұраныстан әлдеқайда жоғары екенін көрсетуі мүмкін деп болжайды. Алайда, компания айырмашылық логистикадағы мәселелерге байланысты өскенін атап өтті.

«Өндіріс көлемі өскен соң, логистика үшін ең қарбалас кезеңде ақылға қонымды бағамен тасымалдауды қамтамасыз ету қиынға түсіп жатыр», — делінген компанияның «Интерфакс» газетіне сілтеме жасаған баспасөз хабарламасында.

Tesla осы жылдың 19 қазанында үшінші тоқсанның қаржылық есебін жарияламақшы. АҚШ автомобиль өндірушісінің акцияларының бағасы жыл басынан бері 24,7%-ға төмендеді. Бұған дейін Tesla ҚХР-да өз өндірісін ұлғайтуға ниетті екендігі хабарланған болатын. Биылғы маусымда Шанхайда компания Аспанасты елінде 79 мыңға жуық электрокар өндіріп, өз рекордын орнатты. Tesla 2030 жылға қарай жыл сайын 20 миллион көлік өндіретін боламыз деген мақсат қойған. Ол үшін барлық құрлықтарда өндірістік қуаттылықтар қажет. Ол әрі компанияның логистикалық мәселелерін де шешпек.

Биыл Tesla Берлин мен Техаста зауыттар ашты, оған дейін Шанхай мен Калифорнияда кәсіпорындары пайда болған еді. Сонымен қатар, Ferrari иесі Джон Элканн ішкі жану қозғалтқыштарынан жаңа қозғалтқыш түрлеріне көшіп жатқан қазіргі жағдайда Tesla-ның бәсекелесі пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
04.10.2022, 15:55