Меню CARMA.KZ

Sony мен Honda электромобиль шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады

Алғашқы көліктер 2026 жылы АҚШ нарығына жеткізіле бастайды.

Sony мен Honda электромобиль шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Sony мен Honda электромобиль шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Sony мен Honda электромобиль шығаратын бірлескен кәсіпорын құратындықтарын жариялады. Оған Sony Honda Mobility деген атау берген. Көлікті Hondaның Америкадағы кәсіпорындарында 2025 жылы шығарады.

Жаңа электромобильдерді АҚШ-тағы клиенттері 2026 жылдың басында ала бастайды. Сол жылдың екінші жартысында көліктер Жапония нарықтарында саудаға түспек. Одан соң Еуропа нарығына жеткізу көзделген, бірақ оның мерзімі әлі белгісіз, деп жазады Bloomberg.

Sony Honda Mobility электромобиль өндірісіне америкалық құрамдастарды пайдаланбақшы. Дегенмен, жаңа кәсіпорын АҚШ нарықтарына қандай модельмен шығатыны туралы айтылмайды. Бұған дейін Sony өзінің Vision-S электромобильдерінің прототипін таныстырған еді.

Sony-мен бірлескен кәсіпорын құрумен қатар, Honda-ның АҚШ-та электромобильдерге арналған аккумулятор шығару жөнінде LG-мен уағдаластығы бар. Sony Honda Mobility конвейерінен шығатын электромобильдерге Honda мен LG бірлескен кәсіпорнының аккумуляторлары орнатылуы әбден мүмкін.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
23.10.2022, 21:34