Меню CARMA.KZ

«Соллерс» жаңа брендпен көлік шығармақшы

Елабугадағы кәсіпорында коммерциялық көліктер өндірілетін болады.

«Соллерс» жаңа брендпен көлік шығармақшы / Фото: Sollers-auto.com
«Соллерс» жаңа брендпен көлік шығармақшы / Фото: Sollers-auto.com

Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі, «Соллерс» компаниялар тобы 2022 жылдың соңында жаңа модельдер шығара бастайды деп мәлімдеді. Ресейде аталмыш брендтің модельдерінен тек коммерциялық Transit сатылып келді. Ол Елабугадағы зауытта шығарылатын.

«Соллерс» осы жылдың соңында жоғарыжерсіндірілген брендімен LCV жаңа түрлерін шығаруды бастайды. Осылайша, Ford кеткеннен кейін нарыққа жақын арада ресейлік өндірістің жаңа өнімдері ұсынылмақшы», — деп түсіндірді өнеркәсіп және сауда министрлігі.

Жаңа өнімдер Елабугадағы бұрынғы Sollers-Ford зауытында шығарылатын болады. Бұл ретте министрлік отандық компанияның кәсіпорын жұмысын қайта бастау міндеттемелері арнайы инвестициялық келісімшартқа енгізілген өзгерістерде тіркелгенін атап өтті. Арнайы келісімшарт аясында, бірден екі жаңа модельді іске қосу көзделген.

«Авторевю» деректеріне сүйенсек, қытайлық JAC Sunray фургондары мен JAC N25 жеңіл жүк көліктері жайлы сөз болуда. Оларға жеке тақтайша орнатылады. Сонымен қатар, «Соллерс» Түркиядан көлік жиынтығын әкеліп, Ford Transit-ті қайта құрастыра бастауы әбден мүмкін.

Осыған дейін Ford-тың Ресей нарығынан кеткені белгілі болды. Өндіруші «Соллерспен» бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін сатты. Онда ол 49%-ға иелік еткен. Сондай-ақ, келісімде бес жыл ішінде кері сатып алу опционы қарастырылғаны мәлім.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
28.10.2022, 15:40