Меню CARMA.KZ

Сарапшылар әлемде көп сатылған автомобильдерді атады

Әлемде ең көп сатылған үздік үш көлік — Toyota-ның 2 маркасы мен Tesla болды.

Сарапшылар әлемде көп сатылған автомобильдерді атады / Фото: auto.ru
Сарапшылар әлемде көп сатылған автомобильдерді атады / Фото: auto.ru

2022 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында әлемде ең көп сатылғаны — Toyota Carolla. Оның 629 мыңы сатылған, алайда бұл көрсеткіш 2021 жылдың алғашқы жеті айындағыдан 12,7%-ға аз. Екінші орында — Toyota RAV4. Оның сауда көрсеткіші әлем бойынша 521 мың бірлікті құрайды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-шілдесіндегіден 17,9%-ға төмен.

Үшінші орында 395 мыңы сатылған Tesla Model3 тұр. Оның көрсеткіші былтырғы сәйкес кезеңдегіден 39,5%-ға көп, деп жазады Focus2Move сарапшылары.

Сондай-ақ 2022 жылы көп сатылған көліктердің қатарында Toyota Camry (383 мың), Honda CR-V (358 мың), Tesla Model Y (310 мың), Hyundai Tucson (302 мың), Nissan Sylphy (274 мың), Wuling Hongguang MINI EV (264 мың) және Toyota Yaris (254 мың сатылған) бар.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.10.2022, 21:31