Меню CARMA.KZ

Ресейліктер Toyota мен Lexus-ты Қазақстаннан сатып алып жатыр

Қазақстаннан жеткізіліп жатқан автомобильдердің бағасы Ресейдегіден орташа алғанда 1 млн рубльге арзан.

Ресейліктер Toyota мен Lexus-ты Қазақстаннан сатып алып жатыр / Фото: pressroom.lexus.com
Ресейліктер Toyota мен Lexus-ты Қазақстаннан сатып алып жатыр / Фото: pressroom.lexus.com

Ресейге жаңа Toyota және Lexus көліктерін жеткізу биылғы көктемде тоқтап қалған болатын. Алайда қазақстандық дилерлердің арқасында, жергілікті нарықта көліктер арзандап шыға келді, деп жазады «Автоновости дня» ресурсы.

Қазақстаннан Ресейге Жапонияда құрастырылған Toyota Land Cruiser Prado және Land Cruiser 300 жаңа жол талғамайтын көліктері, сондай-ақ Lexus GX, LX және RX жеткіліп жатқаны мәлім болып отыр.

Бұл көліктер «ЭРА-ГЛОНАСС» және орыс тіліндегі мультимедиялық жүйелермен жабдықталған. Олардың барлығына өндірушінің ресми кепілдігі беріледі, бірақ қызметтерді қазақстандық дилерлік орталықтан ғана алуға болады.

Toyota-ның қазақстандық және ресейлік нарықтарға арналған нұсқалары арасында айырмашылық жоқ. Тек Toyota Land Cruiser Prado-ның Қазақстанда дизельді нұсқасы болмаса, ал Ресей нарығы үшін 4 литрлік Land Cruiser 300 жеткізілмейді.

Motor.ru мәліметінше, елімізде жапондық жол талғамайтын көліктердің бағасы Ресейдегіге қарағанда, орта есеппен 1 млн рубльге (7,6 млн теңге) арзан.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
11.10.2022, 11:30