Меню CARMA.KZ

Ресейліктер алдын ала тапсырыс берген көліктерінен жаппай бас тартып жатыр

Дилерлер алдын ала жасалған төлемнің ақшасын қайтаруға мәжбүр.

Ресейліктер алдын ала тапсырыс берген көліктерінен жаппай бас тартып жатыр / Фото: drom.ru
Ресейліктер алдын ала тапсырыс берген көліктерінен жаппай бас тартып жатыр / Фото: drom.ru

Мәскеу, Мәскеу маңы, Владимир және Төменгі Новгородтағы дилерлік орталықтар клиенттерге көліктің алдын ала тапсырыс үшін төлеген ақшасын қайтарып беріп жатыр. Ресейліктер келісімшартты бұзып, жаңа автомобиль сатып алуды кейінге қалдыра тұруды шешкен, деп жазады «Автовзгляд» порталы.

Әсіресе қытайлық Haval, Chery мен Exeed, сондай-ақ ресейлік ГАЗ бен УАЗ-дың дилерлік орталықтарында көліктен бас тарту жағдайлары көп.

Осыдан соң дилерлер автомобильдерінің бағасын төмендете бастады, алайда бәрібір нарықта серпін жоқ.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
13.10.2022, 10:29