Меню CARMA.KZ

Ресей импортталатын көліктерден SOS батырмасын қайта талап ете бастады

Ресейде 1 қазаннан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден автомобильдерді жедел қызметттерді шақыру жүйесімен жарақтау талап етілетін болады.

Ресей импортталатын көліктерден SOS батырмасын қайта талап ете бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ресей импортталатын көліктерден SOS батырмасын қайта талап ете бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2022 жылдың 1 қазанынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Ресей аумағына автомобильдерді әкелген кезде оларды жедел қызметтерді шақыру жүйесімен жарақтаулары қажет, деп хабарлады «ГЛОНАСС» АҚ ресурсы.

Импорт көліктерді дабыл беретін батырмамен жарақтау тәртібі РФ Үкіметінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №855 қаулысымен бекітілген Жекелеген дөңгелекті көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу ережесінің №7 қосымшасында бекітілген. Жоғарыда аталған қаулыда биылғы қазанның басына дейін шетелдік көліктерді тиісті жүйелермен жабдықтауға мораторий енгізілген болатын. Мораторий биылғы көктемде батыстың бірнеше өндірушісі Ресейден кетіп және жаңа автомобильдердің сауда нарығы шілдеде 75%-ға құлдыраған соң жаңа көліктерді елге әкелуді жеңілдету үшін енгізілген еді.

Осы күнге дейін және биылғы 1 қазаннан бастап Ресейге әкелінетін немесе елде сатылатын барлық жаңа автомобильдер «ЭРА-ГЛОНАСС» модульдарымен жабдықталуы тиіс. Бүгінгі таңда тиісті ереже әрекет ете бастаған 2017 жылдан бері «ЭРА-ГЛОНАСС»-та 9 млн автомобиль тіркеуден өткен. «ГЛОНАСС» АҚ-дағылар атап өткендей, дүрлігіс тудырмас үшін биылғы 1 қазаннан бастап осы құрылымның серіктес-компанияларының мамандары көлік көп жинақталатын кеден бекеттеріне жақын жерлерде импорт көліктерге жүйелерді орнатуға көмектеспек. SOS батырмасына алыпсатарлар тарапынан бағаның өсуін болдырмас үшін аталған қондырғыларға өндірушілер бөлшек сауда бағасын бекітеді.

«Жедел қызметтерді шақыру батырмасын орнататын ресми дилерлер мен пункттер туралы барлық деректер арнайы сайтта жарияланған. Көлік иелері сол жерде SOS батырмасының қымбаттағына шағым қалдыра алады — шағымдар мәселені шешу үшін Ресей Федерациясының монополияға қарсы қызметке жолданатын болады. Бұл шараны жеңілдетуге және SOS батырмасы мен оны көлікке орнатудың бағасында алыпсатарлықты жоюға мүмкіндік береді», — делінген «ГЛОНАСС» АҚ ресми сайтындағы хабарламада.

Жеке тұлғалар үшін «дабыл батырмасын» орнатуға мораторий 2023 жылдың 1 ақпанына дейін күшінде болады. Айта кетейік, бұл жерде оператормен байланысатын және қауіпсіздік жастығы іске қосылған жағдайда көлік координаттарын жіберетін автоматтандырылған жүйелер туралы емес, жол-көлік оқиға болған жағдайда операторды батырма арқылы шақыруға арналған құрылғы туралы сөз болып отыр. «ГЛОНАСС» АҚ-дағылардың айтуынша, автокөлік жүргізушілерінің жедел қоңыраулары жүйеге әр 3 секунд сайын келіп түседі, ал қазірдің өзінде 232 мыңнан астам дабылда расымен көмек қажет болған және апат кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларды уақтылы хабардар еткен.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
04.10.2022, 12:10