Меню CARMA.KZ

Renault ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысады

Француз автомобиль өндірушісінің құрылымында тұйық циклды қамтамасыз ететін жеке компания пайда болады.

Главное  — безопасность: как в Казахстане выпускают школьные автобусы /  Фото: BNEWS.KZ
Главное  — безопасность: как в Казахстане выпускают школьные автобусы / Фото: BNEWS.KZ

Француздың Renault автомобиль өндірушісі ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысады, деп хабарлады Motor.ru ресурсы.

Француз автомобиль өндірушісі тұйық цикл өндірісімен айналысатын жеке кәсіпорын құрды. Жаңа компания The Future is NEUTRAL деп аталды. Ол ескі көліктерді қайта өңдеуге және олардан алынған элементтерді қайта пайдалануға бағытталған. Алдын ала есептеулер бойынша компания жыл сайын шамамен $2,2  млрд табыс табуға мүмкіндігі бар.

Renault-ның жаңа бастамасы коммерциялық емес, экологиялық бағытта болмақшы. Француз маркасының сарапшаларының бағалауынша, қазіргі заманауи автомобильдер 85%-ға қайта өңдеуге жарамды бөлшектерден тұрады, ал жыл сайын тек Еуроодақ аумағында шамамен 11 миллион автомобиль пайдаланудан шығарылады.

Сонымен қатар, француз компаниясы ластанудың негізгі көзі болып саналатын — көлік аккумуляторларын қайта өңдейді. Бұл жерде оны дұрыс пайдалану және жаңа бөлшектерді шығару туралы айтылып тұр. Басылым Renault жобасы шынымен ерекше екенін атап өтті. Айталық, қазіргі уақытта әлемде бірде-бір автомобиль өндірушісі ескі көліктерді қайта өңдеумен айналыспайды.

Мәселен, қазір ескі көліктердің қолдануға жарайтын құрамдастарын бөлшектеп тастайды, ал қалдықтарын қоқыс алаңына апарады. Кейде олар көліктің бөлшектерін АҚШ сияқты басқа елдерге сатады. Осы қыркүйекте Jalopnik басылымы Planet Money жобасымен бірлесіп Lexus RX 350 кроссоверін жіте бақылады. Ол 2021 жылдың тамызында Луизианадағы Ида дауылынан зардап шеккен көлік, кейін Түрікменстанда «табылды». Журналистер  америкалық «есептен шығарылған» көліктерді басқа елдерге сату жиі кездесетінін айтады.

Ескі көліктерді қайта өңдеу мәселесімен тек Еуропа ғана емес, Ресейде айналысып жатыр. Осы жылдың ақпан айының басында, Ресей президенті Владимир Путин «Іскерлік Ресей» мүшелерімен онлайн кездесу барысында, ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жандандыру жоспарын әзірлеуге нұсқау берді. 2014-2015 жылдары осыған ұқсас федералды бағдарлама жұмыс істеген. Ол көлік иелеріне ескі көліктерді пайдалануға тапсырып, оның орнына жаңа көлік сатып алу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік берді. Бірақ Украинадағы оқиғалар басталғаннан кейін бұл тақырып әзірше жабылды. 

Қазақстанда 2016 жылдың қараша айында көліктерді кәдеге жарату бойынша пилоттық бағдарлама бастау алды. Сол жылдары ескі құрамдастарды тапсырғаны үшін 48 мыңнан 150 мың теңгеге дейін төленетін. Ал 2017 жылы қазақстандықтар тапсырған көлікті тек қолма-қол ақшаға ғана емес, елімізде өндірілген жаңа көлікті сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алды. Алайда бағдарлама басталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң жиналған ескі бөлшектерді қайта өңдеу мәселесі туындады. 2017 жылдың шілдесінде Қарағандыда Recycling Company зауыты ашылды. Ол Қазақстанда пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарататын алғашқы зауыт болды.

2017 жылғы өзгерістерге сәйкес, жеңіл көлікке  315 мың теңге жеңілдік сертификатын алуға болады. Ал шағын автобус пен жүк көлігіне 450 мың,  жүк көлігі немесе жолаушылар автобусы үшін бірден 650 мың теңгеге сертификат беріледі. Яғни сатып алған кезде  екі сертификаттың номиналдарын қосып, олардың иесінің атын екі рет қайта жазуға болады. Осылайша, жаңа автокөлік сатып алу кезінде ең жоғары жеңілдік 1 млн 300 мың теңгені құрайды.

2021 жылы қазақстандықтар осы бағдарлама бойынша пайдаланудан шыққан 50 мың 005 көлік құралын тапсырды. Оның ішінде 37 495 мың  жеңіл автомобиль, 4 040 мың жолаушы және 8 470 мың жүк көлігі. Бес жыл ішінде (2016 жылдан 2021 жылға дейін) 213  983 мың  ескі авто қабылданды, олардың 193 298 мың жеңіл көлік, 8  027 мың автобус және 12 658 мың жүк автокөлігі. Төлемдердің жалпы мөлшері 31,9 млрд теңгеден асты, ескі көліктерге айырбастау үшін 54 831 мың жеңілдік сертификаты берілді.

Осы уақыт ішінде қазақстандықтар бағдарлама бойынша отандық өндірістің 29  759 мың жаңа көлігін сатып алды. 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап елімізде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратуға қабылдау қайта басталды. Бағдарламаға сәйкес, қазір кәдеге жаратуға берілген автокөлік үшін 48-ден 150 мың теңгеге дейінгі мөлшерде ақшалай өтемақы немесе жаңа отандық көлікті сатып алуға жеңілдіктер көзделеді. Жеңілдік сомасы жеңіл автомобильдер үшін өзгеріссіз қалды (315 мың теңге), шағын автобустар бойынша 550 мыңға дейін өсті. Ал жүк көліктері мен автобустар бойынша 750 мың теңгеге дейін өсті.

Бұдан басқа, 2016 жылы Қазақстанда автокөлікке кәдеге жарату алымы енгізілді (2022 жылы іштен жану қозғалтқышы бар жеңіл автомобильдер үшін ол 500 мыңнан 3,5 млн теңгеге дейін құрайды), 2019-2020 жылдары ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы (600 мыңнан 13,7 млн теңгеге дейін) енгізілді. Кәдеге жарату алымы отандық өндірушілерді қолдау үшін іске қосылды.  Бес жыл ішінде «ӨКМ Операторы» ЖШС қазақстандық автоөндірушілерге 338,9 млрд теңге көлемінде кәдеге жарату алымын қайтарды. Осы құрылым қызмет атқарған уақыттың ішінде, 691,8 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату төлемдерін жинады.

Биыл қаңтар айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» кәдеге жарату алымы бойынша қызметін тоқтатып, төлемнің мөлшерлемелерін қайта қарауды тапсырды. Оның айтуынша, басқа елдерде сияқты, утильдік алыммен мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Нәтижесінде ақпан айында қазақстандық автоөндірушілерді  утильдік алымды төлеуден босатты. Әрі әкелінетін автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне оның мөлшерлемесі 50%-ға төмендеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың), оның ішінде олардан утильдік алымды жинау жөніндегі кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып, мемлекеттік ұйым  «Жасыл даму» АҚ болды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
16.10.2022, 13:48