Меню CARMA.KZ

«Қытайлық Гелендваген» ҚХР тарихындағы ең қымбат автомобиль атануы мүмкін

Электрокроссовердің тұсаукесері жыл соңына жоспарланып отыр.

«Қытайлық Гелендваген» ҚХР тарихындағы ең қымбат автомобиль атануы мүмкін / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
«Қытайлық Гелендваген» ҚХР тарихындағы ең қымбат автомобиль атануы мүмкін / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қытайда көшелердің бірінде сынақтан өтіп жатқан BYD компаниясының жаңа электрлі жол талғамайтын көлігі назарға ілікті. Көліктің сыртқы келбеті көздің жауын алатыны анық әрі бағасы да осыған тұрарлық. Автомобильдің «төртбұрыш» пішініне қарап, көбі оны «Гелендвагенге» ұқсатады. Ал артқы жағы Land Rover Defender 110-нан айнымайды, деп жазады «Китайские автомобили» басылымы.

Электрлі жол талғамайтын көлік компанияның барлық дерлік заманауи үлгілеріне негіз болған BYD e-platform 3.0 архитектурасында емес, жаңа түпнұсқа платформада жасалған.

Сондай-ақ, аталмыш электрокроссовер Xingji (жұлдыз) деп аталатын, жаңа BYD қосалқы брендімен шығуы мүмкін деген ақпарат бар. «Қытайлық Гелендвагенінің» тұсаукесері жыл соңына жоспарланған.

Қытайлық басылымның айтуынша, бұл модель Қытай тарихындағы ең қымбат сериялық көлік болмақ. Оның құны тіпті «партиялық» седандар мен Hongqi кроссоверлерінен асып түседі. Жаңа өнімнің бағасы 800 мыңнан 1,5 млн юаньға дейін (52-97 млн теңге) барады.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
27.10.2022, 19:24