Меню CARMA.KZ

Қытайда жаңа электрлі көліктер қоқыс алаңынан табылды

Көліктерде каршерингпен айналысатын қытайлық компанияның фирмалық жазулары болды.

Қытайда жаңа электрлі көліктер қоқыс алаңынан табылды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қытайда жаңа электрлі көліктер қоқыс алаңынан табылды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Weibo әлеуметтік желісінің пайдаланушысы қоқыс алаңында тұрған Ora iQ жаңа электрлі көліктері жайлы бейнежазба жариялады. Көліктерді басқан қалың шаңның астынан қытайлық Ole Sharing каршерингтік компаниясының фирмалық жазуы мен логотипі көрінеді.

Бұл сервис 2018 жылы іске қосылғаны белгілі болды. Great Wall Motors автомобиль компаниясы Ole Sharing-ке 140,5 млн доллар қаржы құйған. 2020 жылдың қыркүйегінде ол өзінің екі жылдық мерейтойын атап өтіп, 2,5 миллион қолданушысы барын жария етті.  Пікірлердің де басым бөлігі жағымды еді. Бірақ, кейін компания қиындықтарға тап болды, деп жазады «Қытай автомобильдері» порталы.

Сол уақытта Қытайда электромобиль саласын субсидиялау көлемі қысқарды. Осыдан кейін Бейжіңдегі Ole Sharing операциялық орталығы өз жұмысын тоқтатып, әлеуметтік желілерін де жүргізуін қойған. Ал 2021 жылдың тамызында компанияның толық жабылғаны туралы ақпарат пайда болды. Олардың көліктері сол бойы сатылмай, қоқыс алаңына жіберілген.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.10.2022, 10:10