Меню CARMA.KZ

Қытайда SAIC-GM-Wuling-тың электрлі ситикары таныстырылды

Бірлескен кәсіпорынның жаңа өнімі жастарға арналған.

Қытайда SAIC-GM-Wuling-тың электрлі ситикары таныстырылды / Фото: carnewschina.com
Қытайда SAIC-GM-Wuling-тың электрлі ситикары таныстырылды / Фото: carnewschina.com

SAIC Motor, General Motors және Liuzhou Wuling Motors-тың бірлескен кәсіпорны Қытайда Baojun KiWi EV электрокарының жаңартылған нұсқасын сата бастады, деп хабарлайды Car News China ақпарат көзі.

Ситикардың құны 87 мың 800 юаньнан (5,6 млн теңге) басталады. Жаңа нұсқаның ұзындығы 2894 мм, ені — 1655 мм, ал биіктігі — 1595 мм, дөңгелек базасының өлшемі — 2020 мм. Baojun KiWi EV футуристік дизайнға ие, әзірлеушілердің айтуынша, ол негізінен жастарға арналған. Жаңа ситикардың шамдары төртбұрышты, есіктерінің тұтқасы жасырулы және бүйір айналарында бұрылу шамдарында қайталанатын етіп жасалған.

Екі есікті автомобильдің салонында сандық құралдар панелі, мультимедиалық жүйенің сенсорлық дисплейімен біріктірілген жүргізушіге жолда көмек беріп отыратын жүйелер қарастырылған. Атап айтқанда, бейінді круиз-бақылау, қозғалыс жолағын ұстап отыру жүйесі және тұраққа қою кезінде көмектесу функциясы бар.

Сонымен қатар Baojun KiWi EV моделінде ауаны тазалағыш қондырғы мен салонға кілтсіз ену жүйесі  қарастырылған. Baojun KiWi EV 54 ат күші бар электрлі мотормен жүреді. Көлік бір қуатымен 305 шақырымды жүріп өтеді. Жылдам қуаттау режимінде батареяны бір сағатта 30%-дан 80%-ға дейін толтыруға болады.

Baojun сауда маркасын 2010 жылы SAIC-GM-Wuling Automobile (General Motors, SAIC Motor и Wuling Automobile Company Limited) бірлескен кәсіпорны жасап шығарды. Олардың алғашқы автомобилі Chevrolet Lacetti моделінің тұғырында жасалған Baojun 630 седаны болды. Baojun 630 өндірісі 2010 жылдың қарашасында басталып, осыдан соң ішкі жану қозғалтқышты Baojun 610 гольф-санатқа жататын хэтчбек нұсқа пайда болды.

2018 жылдың көктемінде SAIC-GM-Wuling Automobile кәсіпорны қытай нарығына алдыңғы жетекті Baojun 530 кроссоверін, оны да ішкі жану қозғалтқышымен шығарды. Ал осыдан бір жыл бұрын тұрақ орны жетіспейтін қалаға арналған электрокарларды өндіруді игерді: ҚХР жолдарында ұзындығы бар болғаны 2,49 метр, 39 ат күші бар электрлі моторлы және алдыңғы жетекті Baojun E100 шағын ғана көлігі шықты.

Бізге мәлім болған сипаттамаларына сәйкес, оның сыйымдылығы 15 кВт·сағ батареялары бір қуаттаумен 155 шақырымға дейін жүріс қорын қамтамасыз етеді. 2022 жылдың қыркүйегінде Бейжің автосалонында SAIC-GM-Wuling Baojun E300 таныстырды. Бұл Xiaomiдің экожүйесімен біріктірілген, қашықтан басқару жүйесімен жарақтандырылған, интерактивті интерфейсі мен IoT үй қондырғысымен қосылу мүмкіндігі қарастырылған әлемдегі алғашқы «ақылды» электрокар болды

Шанағының ұзындығы 3 метрге де жетпейтін Baojun E300-ке 39 қуаты ат күшіне тең қозғалтқыш орнатылған. Ол синхронды электрлі қозғалтқышпен және қуаты 30 кВт·сағ литийтемірфосфат батареямен жарақтандырылған. Толық қуатталған аккумулятормен 305 шақырымды жүріп өтеді. Baojun E300 моделінің бағасы жиынтық түріне қарай 65 мың 800 юаньнен (4,4 млн теңге шамасында) 85 800 юаньға (около 5,7 млн теңге) дейін аралықта тұрады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
01.10.2022, 11:04