Қытай Мажарстанда электромобильдерге арналған аккумулятор зауытын салады
Электромобильдерге арналған литий-ионды аккумулятор шығаратын Contemporary Amperex Technology Co Ltd (тағы бір атауы CATL) жуырда Мажарстанның шығысындағы Дебреценде қуаттылығы 100 ГВт/сағ аккумулятор шығаратын зауыт салуға 7,34 млрд еуро (7,28 млрд доллар) инвестициялайтынын хабарлады.
Қытайлық компанияның Мажарстанда аккумулятор шығаратын зауыт салу жоспары аталмыш орталықеуропалық елді осы сектордағы жетекші орталыққа айналдыруға көзделген. Сарапшылар бұл аймақтағы көлік өндірушілері тарапынан сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі деп санайды, өйткені электромобильдерге көшуді жеделдететін де солар.
Жаңа зауыт Еуропадағы аккумулятор шығаратын ең ірі зауытқа және CATL-дың Германияның Тюрингиясындағы зауыттан кейінгі аймақтағы екінші автономды кәсіпорнына айналғалы тұр.
«Мажарстанның таңдалуында маңызды аспектілер бар, себебі инвестиция құйылатын орын автомобиль өндірісіндегі жетекші Германияға жақын орналасқан» — деп санайды Ұлыбританияның Халла университетіндегі халықаралық коммерциялық құқық профессоры Кристофер Бовис.
Еуропаның кіндігінде орналасқан Дебреценде құрылыс биылдың соңында басталады деп жоспарланған. Зауыт Mercedes-Benz, BMW және Volkswagen секілді негізгі клиенттеріне неғұрлым жақын орналасатын болады. Бұл оған еуропа нарығында батареяларға сұраныс коньюнктурасын оңтайлы шешуге мүмкіндік беріп, Еуропада электромобильдерге көшуді жылдамдатуға көмектеспек.
«Мажарстанда нөлден басталатын жоба CATL-дың жаһандық экспансиядағы үлкен секірісі, сондай-ақ адамзаттың жасыл энергияға ұмтылуына күш салуымыздың маңызды қадамы болмақ», — деп мәлімдеді CATL-дың негізін қалаушы әрі төрағасы Цзэн Юйцюнь.
Мажарстанның сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто өз кезегінде «CATL-дың Мажарстан тарихындағы жаңа жобаларға ірі көлемде инвестиция құю туралы шешімі» Мажарстан үшін мақтаныш деп атап өтті.
Жаңа жобаны CATL-дың Еуропадағы тапсырыс берушілері бекітті. Атап айтқанда, Mercedes-Benz Group AG басқарма мүшесі Маркус Шафер «CATL-дың Мажарстандағы еуропалық жаңа зауыты біздің негізгі серіктестерімізбен бірге электромобиль өндірісін кеңейте түсуіндегі тағы бір белес болып табылады. CATL-мен арамызда серіктесіміз ретінде технологиялық көшбасшымыз бар, ол бізге — жаңа зауыттың бастапқы қуаттылығына алғашқы әрі ірі тапсырыс беруші ретінде — Еуропада келесі буын электромобильдеріміз үшін CO2 бейтараптандыратын жоғарысапалы аккумуляторлар ұсынатын болады».
2050 жылға қарай климаттық тұрғыдан нейтрал құрлыққа айналуды өзіне міндет етіп қойып отырған Еуроодақ, сатылатын жаңа автомобильдер 2035 жылға таман 100% электрлі болуы үшін тырысып жатыр. Goldman Sachs инвестициялық банкінің бағалаулары бойынша, 2035 жылға қарай Еуроодақта аккумуляторларға сұраныс шамамен 1000 ГВтсағатқа жететін болады.
«Қытай инвестициясы электр көліктерін стандарттауды қазба отындары мен іштен жанатын қозғалтқыштардан басқа қуат шешімдері үшін сыни массаға жету деңгейіне дейін жеделдетеді», — деп санайды Кристофер Бовис.
Оның пікірінше, «Мажарстанға келетін қытай инвестициясы Еуроодақта зерттеулер мен әзірлемелер орталығы ретінде осы елдің ұстанымын нығайту үшін үлкен мәнге ие болмақ».
Өндірістік инфрақұрлымға жақын болуымен қатар, ол, сонымен қатар, Еуроодақта ең маңызды инвестицияға алушы ретінде Мажарстанның таңдалуы — Қытайдың Мажарстанды күрделі міндеттерді шеше алатын тұрақты әрі орныққан нарық деп қарайтындығына назар аударып отыр.
Қытай мен Мажарстан арасындағы сауда қарым-қатынасы нығайып келе жатқанын айта кету керек. Мажарстанның Орталық статистика бюросының деректеріне сәйкес, тек былтырғы жылдың өзінде екі елдің арасындағы сауданың жалпы көлемі 279,79 миллион долларды құрады, бұл алдыңғы жылғыдан 19,9 пайызға көп.
Вадим Григорьев, журналист
02.10.2022, 16:30