Меню CARMA.KZ

Қыркүйекте Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көлік өтімді болды

Елімізде жеңіл және коммерцияық жаңа автомобильдердің саудасы 2022 жылдың қыркүйегінде былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14%-ға өскен.

Қыркүйекте Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көлік ең өтімді болды / Фото ашық дереккөзден алынды
Қыркүйекте Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көлік ең өтімді болды / Фото ашық дереккөзден алынды

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда 11 мың 057 жеңіл және коммерциялық жаңа автомобиль сатылған, деп хабарлайды Қазақстанның АвтоБизнес қауымдастығы (ҚАБҚ).

Қауымдастықтың дерегі бойынша, 2022 жылғы қыркүйектегі сауданың көрсеткіштері былтырғы тоғызыншы айдың сәйкес көрсеткішінен 13,9%-ға артық, сонымен қатар сауданың сомалық көлемі жылдық жаңа рекорд орнатты — осыған дейін шілде айының сауда көрсеткіші (11,6 мың жеңіл және коммерциялық автомобиль) ең жоғары болып келген еді. Жалпы алғанда 2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қазақстанда 86 мың 959 бірлік көлік сатылған. Былтырғы бұл көрсеткіш 86 611 автомобиль (+0,4%) еді.

Қыркүйекте ең көп (4 мың бірлік) жаңа көлік сатқан Chevrolet болды (2021 жылдың кыркүйегіне қарағанда +71,1%). Одан кейін тұрған Hyundai 2 мың 574 бірлік (+32,3%) сатса, 1 мың 336 бірлікпен (+56,3%) Kia үшінші тұр. Ресейде Camry мен RAV4-ті құрастыруды тоқтаған Toyota төртінші орында қалды. Ол бар болғаны 820 автомобиль сата алған (-32,5%). Ал Chery автомобильдері болса қыркүйекте биылғы ең жақсы көрсеткішіне жетіп, 560 бірлікпен бесінші орынға көтерілді.

Үздік ондықтағы алтыншы орын 374 бірлік сатқан Lada-да. Одан кейін JAC (322 бірлік, -3%), Lexus (261 бірлік, +23,1%), EXEED (260 бірлік) және Renault (179 бірлік, -44,6%) болып кете береді.

Қыркүйекте ең көп сұралған модельдер — Chevrolet Cobalt (2 мың 476 бірлік), Chevrolet Nexia (1 мың 115 бірлік), Hyundai Tucson — 1 бірлік 072 бірлік.

Сауда көлемі бойынша төртінші орында Toyota Land Cruiser Prado (392 бірлік) болса, әрі қарайғы орындарда Hyundai Santa Fe (390 жаңа көлік), Hyundai Sonata (337 автомобиль), Chery Tiggo 7 Pro (274 бірлік), Kia Ceed (269 бірлік), Hyundai Elantra (251) және Kia Sportage (237) жайғасқан. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп көлік сатқан Chevrolet — 24 мың 485 автомобиль (2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда +9,4%), Hyundai 20 мың 363 бірлік (+14,7) нәтижемен екінші орында, 9 727 автокөлік (+39,1%) сатқан Kia үшінші орынды тәмамдайды.

Төртінші орында Toyota (7 229 бірлік, -30,5%). Бесінші — Lada — 6 мың 705 автокөлік (+18,5%). Алтыншы орын Chery-ге тиесілі, оның дилерлері 2452 жаңа көлік сатқан. 2097 бірлікпен (+10,7%) JAC жетінші орында. 2021 жылы ең көп сатылған 10 көліктің тізімін Lexus (1946 көлік, +50,9%), Renault (1286 бірлік, -48,8%) және Volkswagen (1121 көлік, -67%) аяқтайды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
17.10.2022, 15:30