Қазақстандықтар көбіне жаңа көлік сатып алып жатыр
Қыркүйекте жаңа автомобильдер мен техниканың сауда деңгейі шілдедегі рекордтық көрсеткіштен асып түсті.
Қазақстанның АвтоБизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар 11 мың жаңа жеңіл көлік пен 929 коммерциялық техника сатып алған. Бұл 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 13,9%-ға көп.
«Қыркүйекте сауда биылғы шілдедегі рекордтық нәтижеден асып түсті», — деп атап өтеді ҚАБҚ.
Қыркүйекте көп сатылғаны Chevrolet (4 мың), Hyundai (2 574), KIA (1 336), Toyota (820), Chery (560), Lada (374), JAC (322), Lexus (261), EXEED (260) және Renault (179) болды.
Қыркүйектің қорытындысы бойынша модельдерге бөліп қарайтын болсақ, Chevrolet Cobalt (2 476), Chevrolet Nexia (1 115), Hyundai Tucson (1 072), Toyota Land Cruiser Prado (392), Hyundai Santa Fe (390), Hyundai Sonata (337), Chery Tiggo 7 Pro (274), KIA Ceed (269), Hyundai Elantra (251) және KIA Sportage (237) көп сатылған.
Жалпы алғанда қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 86,6 мың жаңа автомобиль мен коммерциялық техника сатқан. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда на 0,4%-ға көп.
Тоғыз айда қорытындысы бойынша сатылу жағынан Chevrolet (24 485), Hyundai (20 363), KIA (9 727), Toyota (7 229), Lada (6 705), Chery (2 452), JAC (2 097), Lexus (1 946), Renault (1 286) және Volkswagen (1 121) алда келеді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.10.2022, 17:00