Меню CARMA.KZ

Қазақстандағы жол ережесін бұзудың жартысына жуығы — жылдамдықты асыру

2022 жылы полиция 4,5 млн жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың бетін қайтарды.

Қазақстандағы жол ережесін бұзудың жартысына жуығы — жылдамдықты асыру / Фото: yk.kz
Қазақстандағы жол ережесін бұзудың жартысына жуығы — жылдамдықты асыру / Фото: yk.kz

ІІМ деректері бойынша, жыл басынан бергі тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтардың 43%-ы жылдамдықты асыру болып табылады. Биылғы тоғыз айда полиция осы бап бойынша 2,3 млн айыппұл жазып берген.

«Биыл жол қозғалысына бақылау жүргізу шеңберінде 4,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың беті қайтарылды. 216 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Мас күйде көлік жүргізген 18 мыңнан аса жүргізуші ұсталды. 20 мың жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылып, 16 мың адам әкімшілік қамауға алынды», — деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев ОКҚ өткен баспасөз жиынында.

Ол Қазақстанда ЖҚЕ бұзушылықтарды тіркейтін 17 мыңнан аса автоматты камера орнатылғанын атап өтті. Аталған камералар жыл басынан бері 2,7 млн-дай бұзушылықты анықтаған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.10.2022, 11:09