Меню CARMA.KZ

Қазақстандағы битумның сапасы ұлттық стандартқа сәйкес келмейді — депутат

Битум тапшылығымен қатар, оның сапасына қатысты да мәселе белгілі болды.

Қазақстандағы битумның сапасы ұлттық стандартқа сәйкес келмейді — депутат / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстандағы битумның сапасы ұлттық стандартқа сәйкес келмейді — депутат / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Мәжіліс депутаты Альберт Раудың айтуынша, қазақстандық битумның сапасы еліміздің табиғи-климаттық жағдайларына лайықталып әзірленген ҚР СТ 1373 ұлттық стандартына (Битумдар мен битум тұтқыр заттар. Тұтқыр Мұнай жол битумдары. Техникалық шарттар) сәйкес келмейді.

«Осыған байланысты асфальт-бетон жабыны тез бұзылады, сәйкесінше қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі қысқарады. Сала мамандары битумды ұлттық стандартқа сәйкес шығару тиіс деп санайды. Ал мемлекеттік  стандартты қолданудан бас тарту қажет. Өйткені оның талаптары ұлттық стандартымыздан әлдеқайда төмен», — деді Альберт Рау Мәжілістегі үкімет сағатында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда автожол жобаларын іске асыру үшін шамамен 1,1 млн тонна битум қажет. Қазір елімізде 4 зауыт жұмыс істейді, олар шамамен 1 млн тонна жол битумын өндіреді.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
18.10.2022, 12:45