Меню CARMA.KZ

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы Қазақстанда қытай автомобильдерінің қандай модельдері және қандай бағада қолжетімді екеніне талдау жасады.

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

«Биыл Қазақстанның жаңа автомобильдер нарығындағы басты трендтердің бірі — қытайлық брендтердің көптеп келе бастауы болды. Оған себеп — Ресей Федерациясындағы зауыттардан тауарлы автомобильдер мен көлік жиынтықтарын жеткізудің күрт азайып кетуі. Еуропа, жапон және корея маркаларын шығаратын кәсіпорындардың көпшілігі қызметін тоқтатып, рубльдің бағамы қазақстандық ойыншылар тарапынан ресейлік маркалардың техникаларын сатып алуға тиімсіз болды», — деген тұжырым жасайды Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының сарапшылары CARMA.KZ редакциясына түскен «Қазақстан нарығында қытай автомобиль брендтерінің ұсыныстары. Қыркүйек, 2022» шолуларында. 

Қазақстандағы ресми дилерлердің қытай модельдері бойынша ұсыныстары.

2022 жылдың тамызындағы жағдай бойынша жеңіл автомобильдердің қазақстандық нарығында ресми түрде Chery, JAC, Exeed, Haval, Bestune және Changan маркалары бар.

FAW

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Тамызда қазақстандық нарықта FAW қытай маркаларының кроссоверлерін ұсынды. Бұл брендтен әзірге тек екі жиынтықтағы бір ғана модель ұсынылып отыр. Қазақстанда FAW-дың өкілдігі 2003 жылы «Вираж» компаниялар тобының құрамында ашылған болатын. Компания бастапқыда Қазақстанда коммерциялық техника сатумен айналысты.

FAW

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

T77

Кроссовер

11 990 000

 

Changan

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Тамыз айында қазақстандық нарықта Changan-ның басқа модельдері де пайда болатыны айтылды. Алғашқы көлік салоны Алматыда жақын уақытта ашылмақшы, одан соң көліктер Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкентте де сатыла бастайды. Ал 2023 жылы Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорғанда саудаға шығады.

Changan

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

CS35PLUS

Кроссовер

11 090 000

CS55

Кроссовер

11 990 000

CS75FL

Кроссовер

13 190 000

UNI-K

Кроссовер

17 490 000

 

JAC

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2015 жылы Қазақстанда JAC маркасының автомобильдері ресми түрде сатыла бастады, сол кезде осы брендтің техникасын ірітораптық құрастыру басталып, одан соң 2018 жылы S3 кроссоверінің, T6 пикабы мен коммерциялық техниканы дәнекерлеу және бояу желісі іске қосылды.

JAC

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

S3

Кроссовер

8 590 000

S5

Кроссовер

9 890 000

S7

Кроссовер

14 290 000

J7

Седан

8 940 000

T6

Пикап

14 190 000

 

HAVAL

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2021 жылдың сәуірінде қазақстандық нарықта HAVAL ( Great Wall Motors - ескерт.) маркасының автомобильдерінің ресми дебюті өтті. Елімізде оның кроссоверлерін, жол талғамайтын көліктері мен пикаптарын таңдауға болады.

HAVAL

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

Jolion

Кроссовер

12 990 000

F7

Кроссовер

13 490 000

F7x

Кроссовер

13 890 000

H9

Внедорожник

28 950 000

Dargo

Внедорожник

14 888 000

GWM Wingle 7

Пикап

13 590 000

GWM Poer

Пикап

17 810 000

 

Exeed

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2021 жылдың желтоқсанында еліміздің нарығына Exeed маркасының автомобильдері келетіні жайлы хабарланды. Алғашқы көлік орталықтары 2022 жылдың көктемінде Алматы мен Астанада ашылды. Осыдан соң Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Атырауда пайда болды. 2023 жылы дилерлік желіні 11-ге дейін, а 2024 жылы 19 орталыққа жеткізу көзделіп отыр.

Exeed

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

LX

Кроссовер

15 100 000

TXL

Кроссовер

19 920 000

VX

Кроссовер

22 440 000

 

Chery

Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда қытай автомобильдері қанша тұрады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Chery маркасының автомобильдерінің ресми дистрибуциясы Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйегінде жұмыс істей бастады. Chery Automobile Co., Ltd мен First Motor Group арасында («Астана Моторс» ҚМК бөлімшесі — ескерт. CARMA.KZ) тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі таңда брендтің бірнеше кроссоверлері ұсынылып отыр.

Chery

Модель

Шанақ

Бастапқы құны, тг. *

Tiggo 4

Кроссовер

10 300 000

Tiggo 7 Pro

Кроссовер

12 200 000

Tiggo 8 Pro

Кроссовер

15 300 000

Tiggo 8 Pro Max

Кроссовер

18 900 000

* шолуды дайындау кезіндегі прайс-парақшасы бойынша ең төменгі құны көрсетілген

АТМО тіркеген деректе, биылғы қыркүйектегі жағдай бойынша, қазақстандық нарықтағы қытай брендтерінің автомобильдерінің қолжетімді түрлерінің орташа минималды құны 14,6 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар негізгі ұсыныстардың барлығы кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер сегментіне жинақталған.

«Қазақстандық нарықта және ЕАЭО елдері нарықтарында қазіргі таңда қытай көлік өндірушілері тарапынан бастапқы баға сегментінің модельдері бойынша ұсыныстар жоқ. Орташа баға сегментіндегі еуропа және жапон көлік өндірушілерінің шығып қалған модельдерінің орнын басудың арқасында сату кеңістігін кеңейтіп жатыр», — деп түйіндеді шолуда Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының сарапшылары.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
03.10.2022, 15:24