Меню CARMA.KZ

Қазақстанда көлік құрамдастарын өндіретін зауыт пайда болады

Кәсіпорынды 2024 жылдың I тоқсанында іске қосу жоспарланған

Қазақстанда көлік құрамдастарын өндіретін зауыт пайда болады / Фото: Hyundai Trans Kazakhstan
Қазақстанда көлік құрамдастарын өндіретін зауыт пайда болады / Фото: Hyundai Trans Kazakhstan

«Астана Моторс» шетелдік Youngsan, Motrex және «Норпласт» серіктестерімен бірлесіп Hyundai автомобильдеріне арналған көлік орындықтарын, полиуретанды кілемшелерді, қаптамаларды, шашыратқыштарды және мультимедиялық жүйелерді өндіретін 3 кәсіпорын ашуды жобалап отыр.

Зауыттың жалпы ауданы 10 гектарды құрамақшы. Оның ішінде орынжайлардың өндірістік ауданы 9,5 гектарды құрайды. Кәсіпорында 175 адамға жұмыс орны қарастырылған. Инвестицияның жалпы көлемі 15 млн долларды (7,1 млрд теңге) құрайды.

Зауыт Алматыдағы индустриялық аймақта орын тебеді. Өндіріс 2024 жылдың I тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, CARMA.KZ редакциясына, Қазақстандағы Hyundai зауыттарында орындықтар басқа кәсіпорындарға да, атап айтқанда, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» үшін де жасалады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
17.10.2022, 10:06