Меню CARMA.KZ

Қазақстанда автомобиль өндірісінің көлемі артып келеді

ИИДМ машина жасау саласының барлық секторында өсім барын атап өтті.

Қазақстанда автомобиль өндірісінің көлемі артып келеді / Фото: Kommersant
Қазақстанда автомобиль өндірісінің көлемі артып келеді / Фото: Kommersant

2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегінде Қазақстанда автомобильдер, трейлер мен жартылай тіркемелерді өндіру көлемі 2021 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өскен. Бұл туралы Үкіметтің отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Бұған дейін Қазақстанның АвтоБизнес Қауымдастығындағылар (ҚАБҚ) 2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қазақстанда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдары 24,7%-ға артық шығарылғанын хабарлаған болатын.

Жалпы алғанда 2022 жылдың 8 айында Қазақстанда жалпы сомасы 693 млрд теңгенің 68,6 мың бірлік техникасы шығарылды. Атап айтқанда, 62,5 мың жеңіл көлік, 4,8 мың бірлік жүк көлігі, 712 автобус, 396 тіркеме мен жартылай тіркеме және 182 бірлік түрлі арнайы техника өндірілген.

Қазақстандағы кәсіпорындарда өнімдері шығарылған үздік бес бренд: Chevrolet (24,5 мың бірлік), Hyundai (22,1 мың), KIA (8,5 мың), Lada (4,7 мың), JAC (4 мың).

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.10.2022, 11:34