Меню CARMA.KZ

Қазақстанда автомобиль өндірісі 25%-ға жуық артты

2022  жылдың қаңтар-қыркүйегінде отандық автомобиль жасаушылар 800 млрд теңгенің техникасын шығарды.

Қазақстанда автомобиль өндірісі 25%-ға жуық артты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда автомобиль өндірісі 25%-ға жуық артты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның АвтоБизнес Қауымдастығының деректері бойынша, 2022  жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда 78,4 мың барлық типтегі көлік құралы шығарылған. Бұл 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 23,4%-ға көп.

Қазақстанда әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылады (71,4 мың бірлік). Қауымдастықтағылар  жүк техникасының өндірісі 5,4 мыңға дейін азайып кеткенін айтады. Сондай-ақ 9 айда 834 автобус, 475 тіркеме/жартылай тіркеме және 330 бірлік түрлі арнайы техника шығарылған. Қазақстанда өндірілген барлық техниканың жалпы құны 799,5 млрд теңгені құрайды.

«Құрамдастарды жеткізудегі қиындықтар әлемдегі автомобиль өнеркәсібіне әсер етіп жатыр. Осыған қарамастан, Қазақстан ішкі өндірістің көлемін өсіре түсті. Жалпы алғанда, 2022  жылы автомобиль шығару 2021 жылмен салыстырғанда 7%-ға өседі деген болжам бар», — дейді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Қазақстанда жерсіндірілген үздік 5 брендтің қатарына Chevrolet (27,3 мың), Hyundai (25,9 мың), KIA (10,4 мың), Lada (4,8 мың) және JAC (4,8 мың бірлік) еніп отыр.

Қазақстанда шығарылған барлық көлік құралдарының жартысына жуығы (48,7 мың) «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорнына тиесілі. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 25,9 мың автомобиль шығарды. Семейде «СемАЗ»  1,6 мың бірлік коммерциялық техника, Көкшетауда «КАМАЗ Инжиниринг» 899 жүк көліктерін, алматылық Hyundai Trans Auto 724 коммерциялық автомобиль, Саран қаласындағы (Қарағанды облысы) QazTehna 223 автобус, ал Daewoo Bus Kazakhstan 137 бірлік техника шығарды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
20.10.2022, 17:23