Қазақстанда айыптұрақтар жетіспейді
Құқыққорғау органдары тәркілеген көлікті полиция бөлімшелерінің аумағында сақтауға мәжбүр.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Астанадағы 1,5 мың көлік сыятын 2 айыптұрағы лықа толып тұр. Бірақ бұл мәселе елордада ғана емес, басқа өңірлерде де өзекті болып қала бермек.
ІІМ айтуынша, Ақтөбе мен Атырау облысында бір ғана айыптұрағы бар, ал Қарағандыда жоқтын қасы.
«Алып қойылған көліктер, сондай-ақ ЖКО орнынан жеткізілген көліктер, талаптарға қайшы келсе де, полиция бөлімдерінің аумақтарында сақтаулы тұр», — деді Марат Ахметжанов үкімет отырысында.
Сонымен қатар, 2022 жылдың басынан бері полиция 17,5 мыңнан астам «мас» жүргізушіні ұстаған. 20 мың жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырды және 16 мың адамды әкімшілік қамауға алғанын қосты.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.10.2022, 14:39