Меню CARMA.KZ

Porsche өзінің спорткарларының «шежіре» жүйесін іске қосты

Немістің люкс брендті автомобильдері иелерінің кез келгені енді көлігін қайта сату кезінде оның құнын жоғарылататын құжат-тарихын ала алады.

Porsche өзінің спорткарларының «шежіресі» жүйесін іске қосты / Фото: drom.ru
Porsche өзінің спорткарларының «шежіресі» жүйесін іске қосты / Фото: drom.ru

Немістің көлік өндірушісі фирмалық онлайн-сервисті іске қосты. Онда Porsche Production Specification деп аталатын құжатты рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Carscoops.com ресурсы.

Люкс брендінің қымбат көлігі барлар енді көліктің түпнұсқа сипаттамасы туралы толық деректер көрсетілген анықтама ала алады. Porsche-нің барлық VIN-кодтары бойынша бұл қызметті пайдалануға әрі онлайн тапсырыс беруге болады.

Көлікті қайталап сату үшін бұл жеткіліксіз болса, онда Porsche Classic Technical Certificate құжатын рәсімдеуге болады. Бұл құжат көлік құралын Porsche-нің арнайы сертификаты бар технигі тексергеннен кейін беріледі, ол көлік құралының жай-күйін бағалайды және бастапқы агрегаттардың қайсысы сақталғанын жазады, сондай-ақ қозғалтқыш пен беріліс қорабының нөмірлері көлік құралы үшін берілген ресми құжаттарға сәйкестігін тексереді. Сертификатта сонымен қатар автокөліктің салонына, экстерьеріне, жетек жүйесіне, түбіне және аспасына жүргізілген техникалық бағалау көрсетіледі.

Аталған сертификаттан бөлек, көлік иесі сатып алушыға көрсетуі үшін автомобильдің түрлі фотосуреттері қоса беріледі. Porsche Classic Technical Certificate сертификатының құны мамандардың қызметін қоса есептегенде 500 доллар тұрады, Porsche Production Specification құжатын көліктің VIN-код білген жағдайда интернет арқылы бар болғаны 125 долларға алуға болады, әрі бұл екі құжат та көлікті сататын кездегі құнын айтарлықтай өсіреді.

Қазіргі таңда Porsche Taycan толықжетекті спорттық премиум-седаны теңгеге шаққанда 81 млн болса, Porsche 911 Carrera-ның сегізінші буын жаңа спорткарының бағасы 62,3 млн теңге, су жаңа Porsche 911 Turbo 91 млн теңге тұрады. Бір ғасырлық тарихы бар Porsche брендінің кейбір көліктері бүгінде коллекционерлердің құнды жәдігеріне және оның шыққан уақыты мен модельдің сипаттамасы құжат бойынша расталған жағдайда бағасы қымбаттай беретін раритетке айналып отыр.

Мысалы, 2017 жылдың мамырында Италияда RM Sothebyʼs аукционында 1993 жылы шыққан Porsche 911 Carrera RSR 3,8 моделі 2,25 млн долларға немесе 1,05 млрд теңгеге сатылған. Мұнша қымбат бағаға сатылуына модельдің өте сирек кездесетіндігі (барлығы 51 дана ғана шығарылған) және 24 жыл ішінде небәрі 10 шақырым ғана жүрілгендігі, сондай-ақ түпнұсқа сипаттамасына сәйкес келетіндігін растайтын құжатының болуы себеп болған. 

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
26.10.2022, 11:42