Меню CARMA.KZ

Peugeot 208 Еуропада 2022 жылы ең көп сатылған көлік атанды

2022 жылы еуропа нарығы түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Peugeot 208 Еуропада 2022 жылы ең көп сатылған көлік атанды / Фото: drive2.ru
Peugeot 208 Еуропада 2022 жылы ең көп сатылған көлік атанды / Фото: drive2.ru

Еуропада 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Peugeot 208 жоғары сұранысқа ие көлік маркасы болды. Оның 135 мың көлігі саудаланып, Кәрі Құрлық көлік нарығының 2,1%-ын еншіледі.

Focus2Move  сарапшылары 2021 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Peugeot 208 Еуропадағы сату деңгейі бойынша тек 10-шы орында болғанын атап өтеді. Бір жылдың ішінде ол бірінші орынға шыққан.

Сондай-ақ, 2022 жылы үздік үштікке Dacia Sandero (Renault Sandero) және Volkswagen T-Roc кірді. Еуропада біріншісі 120 мың көлік саудаласа, екіншісінің 114 мың данасы сатылған.

Еуропалықтардың Dacia Duster (Renault Duster) көлігіне қызығушылықтары өскені байқалады. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-тамызында автокөлік сауда бойынша 14-ші орында тұрса, 2022 жылы 4 орынға (111 мың дана сатылды, автокөлік нарықтың 1,7%-ын алады) көтерілген.

Жоғарыда аталған автомобиль модельдерінен басқа, Еуропадағы үздік ондыққа Renault Clio (110 мың), Volkswagen Golf (108 мың), Toyota Corolla (104 мың), Citroen C3 (97 мың), Toyota Yaris (95 мың) және Hyundai Tucson (95 мың) кірді.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.10.2022, 11:30