Меню CARMA.KZ

«Москвич» көлік зауыты Ресейде дилерлер іздейді

Кәсіпорын 2023 жылы 50 мың көлік шығармақшы.

«москвич»
«москвич»

«Москвич» көлік зауытына ресми дилерлікке Ресейдің 23 қаласынан 340 өтінім келген. Өтініштер әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург және Орынбор қалаларынан өте көп түскен.

Өндіріс 2022 жылдың желтоқсанында басталады деп жоспарланған. Жыл соңына дейін зауыт 600 көлік шығарады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 50 мыңға дейін артады. Соның 10-20 мыңы электрлі көлік болады, деп мәлімдеді зауыт өкілдері.

Шанақтарды дәнекерлеу және бояуды қоса алғанда өндірістің толық циклы 2024 жылға жоспарланған. «Москвич» брендімен бес модель, атап айтсақ, төрт кроссовер және бір седан шығару көзделген, деп жазады «Автостат» ресурсы.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.10.2022, 14:03