Mitsubishi жаңа кроссоверін таныстырды
Концептінің таныстырылымы Вьетнамда өтті.
2022 жылдың 19 қазанында Вьетнамның Хошимин қаласында Mitsubishi XFC кроссоверінің концептісімен таныстырды. Автомобильдің өзі 2022 жылғы қазанның 26-сы мен 30-ы аралығында Вьетнам автосалонында көрсетілетін болады.
«Біз жаңа ықшам кроссоверді 2023 қаржы жылында АСЕАН нарықтарына, оның ішінде Вьетнамға да біртіндеп шығара бастаймыз. Алдағы уақытта модельдің электрлі нұсқасы да пайда болады және оны АСЕАН-нан басқа нарықтарға да шығару жоспарымызда бар. Бұл кроссовер сауда лидеріне айналған Xpander минивэні секілді стратегиялық маңызды, негізгі модельге айналады деп сенеміз», — деп мәлімдеді Mitsubishi Motors-тың президенті әрі атқарушы директоры Такао Като.
Жаңа кроссовердің техникалық сипаттамалары әзірге белгісіз, десек те Mitsubishi автомобильдің дизайнын жария етті.
Естеріңізге сала кетейік, АСЕАН нарығында XFC-тан бөлек, Mitsubishi брендінің Triton пикабы, Pajero Sport жол талғамайтын көлігі, Outlander және Outlander PHEV кроссоверлері, Xpander минивэні мен Xpander Cross кроссвэні, Mirage хэтчбегі мен Attrage седаны бар.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.10.2022, 16:15