Меню CARMA.KZ

Mercedes-Benz Ресейдегі зауытын жергілікті компанияға сатпақшы

«АВТОДОМ» компаниясымен келіссөздер аяқталуға жақын қалды.

Mercedes-Benz Ресейдегі зауытын жергілікті компанияға сатпақшы / Фото: Mercedes-Benz
Mercedes-Benz Ресейдегі зауытын жергілікті компанияға сатпақшы / Фото: Mercedes-Benz

«Есипово» индустриалдық паркіндегі (Мәскеу облысы, Ресей) Mercedes-Benz зауытына ендігі жерде жергілікті «АВТОДОМ» компаниясы иелік етуі мүмкін.

«АВТОДОМ» компаниясы тарапынан, Ресей аумағында сатылған және пайданылып жүрген Mercedes-Benz автомобильдеріне сервистік қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалды, әйтсе де біз ресейлік клиенттердің бейілділігін қолдауға басымдық береміз» — деп мәлімдеді «АВТОДОМ» өкілдері.

Келіссөздің егжей-тегжейі айқындалған соң «АВТОДОМ» «Есипово»-дағы кәсіпорында өндірістік қуаттылықтармен айналысатын технологиялық серіктес іздеуге кіріседі. Бұл мәселеде оған Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі көмектеспекші.

«Келіссөз процесінің нәтижесінде инвестициялық мәмілені аяқтауға жақындап қалдық. Бұл зауыттың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуге, жоғары білікті жұмыс орындары мен құзіреттілікті сатқап қалуға мүмкіндік беретіндігі маңызды», — деді Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Альберт Каримов.

Бұған дейін Bloomberg Mercedes-Benz-тің Ресейдегі активтерін 2,2 млрд долларға (1 трлн теңгеге), банктер алдындағы міндеттемелерін 1 млрд долларға (465 млрд теңге) бағалалаған еді. Mercedes-тің әлем бойынша саудасының шамамен 2%-ы Ресейге тиесілі.

Мәскеу маңындағы «Есипово» индустриалдық паркіндегі зауыт 2019 жылы ашылды. Кәсіпорында 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған. Зауыт седандар мен Е санатқа жататын жол талғамайтын көліктер шығарады. Кәсіпорын жылына 20 мың автомобиль шығаруға қауқарлы.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
28.10.2022, 12:27