Меню CARMA.KZ

Mercedes-Benz 30 жыл ішінде көліктерін жол апатына түспейтін етуге уәде берді

Неміс концерні 2030 жылға қарай адам көз жұматын апаттардың санын екі есе азайтамыз деп отыр.

Mercedes-Benz 30 жыл ішінде көліктерін жол апатына түспейтін етуге уәде берді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Mercedes-Benz 30 жыл ішінде көліктерін жол апатына түспейтін етуге уәде берді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Mercedes-Benz концерні 2050 жылға қарай көліктерінің қатысуымен болатын апаттарды мүлдем болдырмауды мақсат етеді, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

Mercedes-Benz 2030 жылға қарай осы маркалы автокөліктердің қатысуымен болған апаттар санын екі есе азайтуды, ал 2050 жылға қарай мүлдем болдырмауды жоспарлап отыр. Компанияның бұл міндетін жетілдірілген электрондық көмекшілер, сондай-ақ Mercedes-Benz Road Safety Dashboard сияқты цифрлық платформалар шешуі керек. Бұл жүйе интеллектуалды алгоритмдер арқылы Лондонның қауіпті аймақтарын талдап жатыр.

Жүйенің әрекет ету алгоритміне келсек, проблемалық орындар туралы деректер осы жүйе қосылған көліктерден жинақталады, жаяу жүргіншілер мен велосипед легіне ерекше назар аударылады, сондықтан балабақша, мектеп пен университеттердің маңындағы жолдар бақылауға басымдық беріледі. Осыған ұқсас жобалар Нидерландыда және Германияның Лимбург ауданында іске қосылды. Онда жүйе қауіпті учаскелер немесе көктайғақ жерлер туралы ескертеді.

Mercedes-Benz қауіпсіздікті бұрыннан бері алдыңғы кезекке қойып келеді.  1969 жылы концерн Accident Research бөлімшесін құрды. Ол ғылыми әдістерді қолдана отырып, әлемнің әр түкпіріндегі 5 мыңнан астам нақты апатқа талдау жасады. Нәтижелер соқтығысудың жолаушыларға қалай әсер ететінін және олардың әрқайсысының қалай алдын алуға болатынын анық көрсетті. Бірақ Мерседестің қауіпсіздік жүйелерінің дамуына ең көп әсер еткен екі оқиға болды.

Біріншісі, 1997 жылы Швецияның Teknikens Värld журналының сынағында A-Class субкомпакті аударылған соң, компания динамикалық тұрақтандыру жүйесін белсенді түрде енгізе бастады. Екіншісі, 2002 жылы пайда болған PRE‑SAFE профилактикалық қауіпсіздік жүйесі. Нәтижесінде, бүгінгі күні Мерседесте әдеттегі круиздік бақылаудан бастап, егер жүргізуші ескертулерге жауап беруді тоқтатқан болса, автоматты түрде тоқтау функциясымен жабдықталған 40-тан астам электронды көмекші бар.

Сонымен қатар, компания 2021 жылы БҰҰ ережелері бойынша әлемде бірінші болып үшінші деңгейлі автопилотты сертификаттады. Ол осы жылдың бірінші жартысында Mercedes-Benz-тің әртүрлі модельдеріне қосымша опция ретінде орнатыла бастады. Жүйе руль дөңгелегінің жиегіндегі арнайы түймемен іске қосылады және жүргізушіге тас жолда жүргенде қолын рульден босатуға мүмкіндік береді. Drive Pilot жүйесі заңды формальдылыққа байланысты әзірге тек 60 км/сағ жылдамдықпен жұмыс істейді, бірақ бұл уақыт өте келе ұлғайтылатыны анық.

Drive Pilot стандартты сенсорлар мен камераларды, радиатор торындағы лидар мен қосымша камералар мен сенсорларды, соның ішінде жол профилі, белгілері және жол оқиғалары туралы ақпаратты қамтитын HD картасы бар жоғары дәлдіктегі позициялау жүйесін пайдаланады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
24.10.2022, 15:17