Меню CARMA.KZ

Латвияда «Борат мұрагері» жол талғамайтын көлігі шығарылды

Dartz Motorz «Диктатор» фильмінде Саша Барон Коэн ойнаған кейіпкердікіне ұқсайтын жол талғамайтын көлік шығарды.

Латвияда «Борат мұрагері» жол талғамайтын көлігі шығарылды / Фото: Dartz Motorz
Латвияда «Борат мұрагері» жол талғамайтын көлігі шығарылды / Фото: Dartz Motorz

Латвиялық Dartz Motorz компаниясы, «Диктатор» фильміндегі адмирал-генерал Хаффаз Аладиннің автомобиліне ұқсас, Prombron The Dictator Aladeen MMXXII жол талғамайтын көлігін шығарды, деп хабарлады Motor.ru ресурсы.

Dartz Prombron The Dictator Aladeen MMXXII жол талғамайтын көлігі Prombron Iron Diamond MMXXII моделіне негізделген. Ол Mercedes-Maybach GLS көлігіне ұқсас. Темір тұлпарды басты рөлді сомдаған британдық комедияшы Саша Баронон Коэнмен бірге «Диктатор» фильмінің 10 жылдығына арнап шығарған. Ол бұған дейін Қазақстан жайлы дауға іліккен «Борат» және «Борат2» фильмдерінде ойнаған. Солтүстік Африканың ойдан шығарылған Вадия елінің билеушісі, «Диктатор» фильмінде алтын жалатылған шанақты Dartz жол талғамайтын көлігімен жүрді. Премьерадан кейін Prombron Gold Aladeen Edition-нің бірден он данасы еркін саудаға шықты. Аталмыш көлікті кез келген адам сатып ала алатын.

2012 жылы алтын жалатылған бронды жол талғамайтын көліктердің құны 500 мыңнан 750 мың еуроға дейін болды. Бұл көліктер граната жарылса да, 50 калибрлі (12,7 мм) мылтық атылса төтеп бере алады. Қалыңдығы 7,6 см әйнектермен, сондай-ақ массаж жасайтын отырғыштар мен шампан тоңазытқышын қоса алғанда, сәнді әрлеумен жабдықталған. 10 жыл бұрын шығарылған жол талғамайтын көліктердің мотор бөліміне 400-күшті  сегіз цилиндрлі қозғалтқыш орнатылды. Енді негізгі модельдің құны 750 мың еуродан, ал брондалған модель миллион еуродан басталады. Автокөлік 800 а.к бар Mercedes-Maybach GLS қозғалтқышымен жабдықталған.

Жаңа The Dictator Aladeen MMXXII көлігі 3,8 секунд ішінде «жүзге» дейін үдей алады. Көліктің интерьерін экзотикалық былғарыдан және ағаштың 555 түріне қаптауға болады. Салондағы кейбір түймелер нағыз алтыннан жасалған. Жол талғамайтын көлік Tetelbaum Panzershrunk Manufactur шығарған Metaxas & Sins орауышты магнитофонымен жабдықталған. Опциялар тізімінде оқ өткізбейтін қолшатыр және құпия қылыш бөлімі бар. Dartz Motorz Company — Dartz Grupa компаниясының еншілес кәсіпорыны. Ол әскери техниканы, броньды автомобильдерді, сондай-ақ ауқатты клиенттерге арналған брондалған жол талғамайтын көліктерді өндіруге маманданған. Латвия астанасы Ригада орналасқан.

Dartz Motorz Company өзін Руссо-Балт дәстүрінің жалғастырушысы ретінде таныстырады. Руссо-балт — алғашқы ресейлік көліктің өндірушісі. Олар сонау 1909 жылы Ресей империясы кезінде көліктерді құрастыруға кіріскен еді.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
20.10.2022, 17:18