Меню CARMA.KZ

Hyundai «ақылды» көліктерге 12,5 млрд доллар қаржы құяды

2022 жылдың соңында Hyundai автономды көліктерді таныстырады.

Hyundai «ақылды» көліктерге 12,5 млрд доллар қаржы құяды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Hyundai «ақылды» көліктерге 12,5 млрд доллар қаржы құяды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Кореялық автомобиль алпауыты Hyundai көліктеріне арнап бағдарламалық жарақтануға 12,5 млрд доллар (5,9 трлн теңге) қаржы құймақшы. Компания келесі жылдан бастап жаңа технологияларды орната бастамақшы. Ал 2025 жылы 3 деңгейлі автономды автомобильдер шығарылады, деп жазады Chosunilbo ресурсы.

3 деңгейлі пилотсыз көлікте жүргізуші әдеттегідей рульді қолынан шығармай отыруды қажет етпейді. Яғни адам үнемі жолға қарамаса да болады. Дегенмен, технология аталған кезеңде тек мінсіз жол жағдайында ғана жұмыс істей алады.

Hyundai компаниясы бағдарламалық жарақтандыру жаһандық зерттеу орталығын құруға қаржы құйып, орталыққа әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші IT мамандарын шақырмақшы. Кореялық көлік алпауыты бензинмен жүретін автомобильдер дәуірі аяқталуға жақын. Сондықтан қазір электрлі қозғалтқышты пилотсыз көліктерді зерттеу және дамыту қажет деп санайды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
17.10.2022, 10:34