Haval-дың Қазақстанда жаңа дилері пайда болды
Астанада Haval дилерлік орталығының тұсаукесері өтті.
Crystal Auto Қазақстандағы Haval-дың жаңа дилері болды. Жаңа дилерлік орталықтың таныстырылымы Астанада 2022 жылғы қазанның 13-інде өтті.
Haval Crystal Astana келушілерге Haval-дың 4 моделін — H9, Dargo, Jolion және жаңартылған F7X кроссоверлерін көрсетті.
Олардың арасында көпшіліктің назарына аударғаны Haval Dargo болды. Автокөліктің 4 жиынтығы саудаға шықты. Ішіндегі ең қарапайымы Comfort — алдыңғы жетекті болса, қалғандары толық жетекті.
Көлік 4 түсті шанақпен қолжетімді. Олар: ақ, қызғылт сары, сұр және қара. Сондай-ақ, тұтынушылар автомобиль салонының түсін (қара, қызғылт сары араласқан қара және ақшыл) таңдай алады.
Haval Dargo багының көлемі 60 литр. Көліктің алдыңғы жетекті нұсқасындағы отын шығыны 100 шақырымға 8,3 литр, ал толық жетегінде 100 шақырымға 9,2 литрге есептелген.
Темір тұлпардың құны жиынтығына байланысты 14,9-дан 18,9 млн теңгеге дейін болады.
Автокөлік нарығын талдау және мониторинг орталығының мәліметтері бойынша, Haval Қазақстандағы ең көп сатылатын қытайлық 3 автокөліктің қатарына енді. Елімізде 2022 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Haval автокөлігінің 499 бірлігі саудаланған.
Ал 2022 жылдың қыркүйегінде «Астана Моторс» Қытайдың Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автомобиль концерндерімен меморандумдарға қол қойғанын жариялады. Осы келісім бойынша қазақстандық компания Chery, Haval және Changan көліктерін шығару құқығына ие болады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
14.10.2022, 16:31