Меню CARMA.KZ

General Motors пикап пен жол талғамайтын көлік иелеріне $100 млн-нан астам өтемақы төлейді

АҚШ-та сот ақаулы V8 қозғалтқышы орнатылған автомобиль иелерінің ұжымдық талабын қанағаттандырды.

General Motors пикап пен жол талғамайтын көлік иелеріне $100 млн-нан астам өтемақы төлейді / Фото: flickr.com
General Motors пикап пен жол талғамайтын көлік иелеріне $100 млн-нан астам өтемақы төлейді / Фото: flickr.com

Американың General Motors көлік алпауыты ақаулы қозғалтқыш орнатылған бірқатар модельердің иелеріне 100 млн доллар төлейтін болды, деп жазады Motor.ru ресурсы.

2011 жылдан 2014 жыл аралығында шығарылған Chevrolet Tahoe/Suburban, Silverado және GMC Yukon/Yukon XL, Sierra модельдерінің 38 мың иесі көлік концерні үстінен ұжымдық талап арыз түсірді. Осынша адам жиналып, көліктерінің «май жейтін» қасиетіне шағымданды, яғни көлік өндірушісі піспек сақинасында ақауы бар жол талғамайтын көліктер мен пикаптарды әдейі сатқандықтан, май көп шығындалатын болған. Ақаулы көлікті біле тұра сату жағдайы Калифорнияда сот алқасының үкім шығаруына себеп болды етті.

«АҚШ-та мұндай ұжымдық талап арыздың барлығы бірдей сотқа жетпейді, ал үкім шығарылатын кездер сирек, бірақ бұл жолы сот алқасы GM-ның кінәсі дәлелденіп тұр деп тапты, — деп жазады ақпарат көзі. — Арызданушылардың адвокаты концерннің ішкі құжаттарына сілтеме жасай отырып, 2009 жылдан бері Vortec 5300 LC9 сериясына жататын 5,3 литрлік V8 қозғалтқышында ақау барын GM инженерлері білгеніне сенімді дәлел келтірді. Бірақ GM ақауды қалпына келтірмейтін болды, өйткені ол тым қымбатқа түспек. Концерннің өкілі болса, піспек сақиналары жаппай ақаулы емес, тек көліктердің 3%-дайы ғана «май жейді» деген ұстанымда».

Дей тұрғанмен 2011 жылдан 2014 жыл аралығында шыққан пикаптар мен жол талғамайтын көліктердің 3%-ын құрайтын Калифорния, Айдахо және Солтүстік Каролина штаттарындағы 38 мың иесінің шағымдануына әкеп соқты. Ақаулы жүк көліктері мен жол талғамайтын көліктердің иелері бастапқыда концернге  жеке-дара кепілдік талапты қоюға әрекеттенген, алайда одан еш нәтиже шықпаған соң ұжымдық арыз түсірді. Соттың шешімі бойынша,  GM олардың әрбіріне 2700 доллардан, яғни жалпы сомасы 102,6 млн доллар төлейтін болды.

Көлемі 5,3 литрлік осы V8 қозғалтқыштары аталмыш модельдердің өндірісінде жаппай орнатылатынын айта кету керек, сондықтан зиян шеккен көлік иелерінің қатары әлі де өсуі мүмкін. Ал АҚШ-та прецеденттік құқық әрекет ететіндіктен, Калифорния сотының шешімі жаңа болжалды зардап шегушілердің өз құқықтарын қорғауын жеңілдетеді. Атап айтқанда, оларға концерннің моторында ақауы бар автомобильді не мақсатпен сатқанына дәлелдер жинаудың қажеті жоқ, себебі ол америкалық сотта дәлелденіп те қойылған (әлбетте, бұл құқықты тек қозғалтышы дәл осындай көлік иелері ғана пайдалана алады).

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
10.10.2022, 12:04