General Motors Co. Twitter-дегі жарнамасын уақытша тоқтатады
Платформаны өзіне бәсекелес Tesla Inc көлік өндірушісінің басшысы Илон Маск сатып алғаннан кейін осындай шешімге келген.
«Біз жаңа қожайынының басқаруымен Twitter-дің қай бағытта дамитынын түсіну үшін өзара іс-қимыл жасаймыз», — деді компанияның өкілі Дэвид Барнас.
Электрлі көлік әзірлеуде Tesla-ны қуып жеткісі келетін детроидтық көлік өндірушісі, өткен жұма күні платформаның қалай өзгеретіні жайлы Twitter-мен келіссөздер жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Bloomberg. Сондай-ақ, әлеуметтік желі Илон Масктың басшылығында қандай өзгеріске ұшырайтынын білмейінше, платформада жарнаманы тоқтатпақшы.
«Әдеттегідей медиа платформада болатын маңызды өзгерістерге байланысты, біз ақылы жарнаманы уақытша тоқтаттық. Twitter-дегі тұтынушыларды қолдау қызметімен қарым-қатынасымыз жалғаса береді».
Илон Маск өткен бейсенбі, 27 қазанда, Twitter-ді сатып алғаннан кейін, пайдаланушылар мен олардың твиттеріне арналған стандарттар жайлы шешім қабылдау үшін, контентке жауапты кеңеспен жиналыс өткізетінін айтты.
Талқыланатын тақырыптардың арасында қызметінен босатылған, мәселен, бұрынғы президент Дональд Трамп сияқты қоғам қайраткерлеріне платформаға оралуға рұқсат етіле ме деген сұрақ та бар.
Bloomberg-тің хабарлауынша, агенттік пікір білдіруді сұраған Jeep және Ram брендтеріне иелік ететін Ford Motor Co. және Stellantis NV компаниялары жауап қатқан жоқ.
Вадим Григорьев, журналист
31.10.2022, 12:10