Меню CARMA.KZ

ГАЗель Next-ті Шешенстанда құрастыра бастады

Аргундағы құрастыру желісі айына 100 шағынтоннажды коммерциялық жүк көлігін шығарады.

ГАЗель Next-ті Шешенстанда құрастыра бастады / Фото: autoreview.ru
ГАЗель Next-ті Шешенстанда құрастыра бастады / Фото: autoreview.ru

ГАЗель Next жүк көліктері Аргундағы «Шешенавто»  зауытында құрастырыла бастады, деп хабарлайды «Ресей газеті» басылымы.

Құрастыру өндірісі осы жылдың қазан айының басында Аргундағы «Пищемаш» базасында құрылған «Шешенавто»  зауытында іске қосылады. Пищемаш 1962 жылдан бастап тамақ өнеркәсібіне арналған түрлі жабдықтар шығарды. Ал 2008 жылы өндірістік саласын  өзгертті. Ол жерде ВАЗ-21074  жинала бастады, ал 2011 жылдың басында, атауы шешен тілінен «арба»  деп аударылатын, «Ворд» пикапын шығаруға кірісті.

Алайда Аргундағы зауыт пикап нарығында белгілі бір жетістікке жете алмаған соң, 2011 жылы қайтадан жеңіл көлік құрастыра бастады. Ол АвтоВАЗ-бен Солтүстік Кавказда сұранысқа ие Lada Priora өндірісі жайлы келіссөздер жүргізді. Бірақ Аргундағы конструкторар өз өнімдерін жасауға тырысқан жоқ, сондықтан 2017 жылы «Шешенавто» Ресейдің арнайы күштер университетінің тапсырысы бойынша «Зенит-Дефенс» компаниясы әзірлеген 2 багги моделін, атап айтсақ, «Чаборз М3»  және «Чаборз М6» шығарды.

Көпмақсатта қолданатын әскери баггилардың өндіріс көлемі туралы ақпарат жоқ. Бірақ 2019 жылы ресейлік БАҚ, «Чаборзалар» 2019 жылы Ресей әскери күштері бітімгершілік миссиясымен Сирияға барғанда пайдаланылғаны айтылды.  Енді «Шешенавто»  ГАЗель жүк көліктерін құрастыруды бастады. Аргунда олар айына осы модельдің 100 көлігін жинауды жоспарлап отыр. Болашақта бұл көлем, соның ішінде модельдік желіні кеңейту арқылы көбейеді.

«ГАЗ ұзақ уақыттан бері Шешен Республикасына коммерциялық техника мен жолаушылар автобустарын жеткізіп келеді. Қазір біз аймақтағы көліктердің саны мен тапсырыс берушілердің автомобиль паркін жаңартуға деген ұмтылысына қарап, Шешен Республикасында жергілікті өндірісті ашу кезеңіне жеттік, — деп жазады Горький автомобиль зауытының басқарушы директоры Андрей Сафоновтың сөзіне сілтеме жасап «Ресей газеті». Біз Аргунға әмбебап желіні орнаттық. Оның көмегімен жүк және жолаушылар тасымалында жұмыс істей алатын «Газель» автомобильдерінің бірнеше модельдерін шығаруға болады. Олар сондай-ақ, мектеп автобустары мен «жедел жәрдем» көліктері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына қызмет ете алады».

«Авито Авто» сервисінің сарапшыларының пікірінше, Шешенстанда жаңа ГАЗель құрастыру желісінің ашылуы, 2022 жылдың үшінші тоқсанында Ресейде бұл көліктерге деген сұраныстың үштен біріне артуына байланысты. Олардың мәліметтері бойынша, 2022 жылдың шілде-тамыз айларында «Авито Авто»-да  жаңа LCV-санатты автомобильдерді сатып алу екінші тоқсанға қарағанда 29,7%- ға көбірек қызығушылық танытты. Ал LCV-ге сұраныс 4,7%-ға өсті. Сонымен қатар, LCV сегментінде Ресейдегі жоғары сұранысқа ие модельдер рейтингінде көш басында ГАЗель Next тұр.

«Авито Авто» сарапшыларының пікірінше, отандық модельдердің жоғары сұранысы ресейлік көліктердің төмен бағасы ғана емес, оларға қызмет көрсетудің ыңғайлы болуына да байланысты. Мәселен, елдің кез-келген аймағынан отандық шағын жүк көлігіне бөлшектерді тез табуға болады. Ресей аймағының өнеркәсіп және энергетика министрі адам Хакимовтың айтуынша, болашақта Шешенстанда жиналған ГАЗельдер, Донецк және Луганск халық республикаларына, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарына жіберіледі.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
22.10.2022, 13:18