Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің бағасын төмендетуді көздемейді
Болат Ақшолақов кейбір өңірде АИ-92 бензині неліктен қымбат екенін түсіндірді.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов салалық мекеме еліміздегі АИ-92 бензинінің бағасын төмендетуді көздеп отырмағанын мәлімдеді. Ең бастысы — қазіргі бағаны сақтап қалу.
«АИ-92 бағасын төмендету міндетімізде жоқ. Мәселе — оны сақтау қалуда. Көршілес елдермен салыстырғанда баға 100 және одан да жоғары, яғни дизель отыны бойынша 200 теңгеге жеткенін ескере отырып, қазір бағаны төмендететін болсақ, отын тапшылығына тап боламыз. Сондықтан барлығының бағасы өсіп жатқанда бағаны төмендетсек, ол белгілі бір тәуекелдерге әкеп соғады», — деді Болат Ақшолақов ОКҚ өткен баспасөз жиынында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 182 теңгені құрайды, ал ШҚО, СҚО және Қостанай облыстарында литріне 187 теңгені құрайды.
Министрдің айтуынша, логистикалық қиындықтарға байланысты жоғары баға белгілеуге тура келген. Өйткені, мұнай өңдеу зауыттарынан шалғай жатқан өңірлер бар, ол жерлерде теір жол болмағандықтан, отын, оның ішінде бензин, тек автокөліктермен жеткізіледі.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.10.2022, 19:46