Chevrolet Silverado HD пикабының жаңа нұсқасын таныстырды
Жаңартылған ауыр салмақты пикап келесі жылдың басында нарыққа шығады.
Chevrolet компаниясы Silverado HD ауыр салмақты пикабының жаңартылған нұсқасын таныстырды, деп жазады «Коммерсант» басылымы.
2500HD және 3500HD автомобильдерін Work Truck, Custom, LT, LTZ және High Country жиынтықтарынан таңдауға болады. Модельдің бұрынғы «екіқабатты» оптикасынан тек стилизация ғана қалды. Оған бұл жолы әдемілік үшін күндізгі шамдарына үлкен жарықдиодты құрсау салған. Сондай-ақ оның ішіне анимация режимі бар бұрылу белгілері кіріккен. Жаңа радиатор торы мен бампер пайда болып, ал капоттағы ойық «Chevrolet» жазуымен безендірілген.
Жаңартылған пикаптарда интерьер Silverado 1500 стилінде қайта жасалып отыр. Атап айтқанда, 12,3-дюймдық сандық виртуалды құралдар панелі, 13,4-дюймдық тачскринді мультимедиа, артқы көрініске арналған сандық айна мен гаджеттерді сымсыз қуаттағыш бар. Опциялар қатарынан артқы көрініс камерасының экраны кіріктірілген салонның айнасын, сонымен қатар электроника кешені жаңартылғанын көруге болады.
Бейінді круиз-бақылауда тіркемемен жұмыс істеуге арналған бөлек режим пайда болған: жүйе салмақ артылған кезде және автопоездың қалтқушылығына түзету жасап отырады. Мұндай режим соқыр аймақтарды бақылау жүйесіне де қосылған. Көлік 404 ат күшіне тең баршаға белгілі Vortec V8 моторымен жарақтанған, алайда ол мұнда енді онсатылы автомат қораппен жұптаса істейді.
Десек те Chevrolet Silverado HD үшін бірнеше қозғалтқыш қарастырылған: Duramax V8 турбодизелі жаңартылып, оның қуаты 451 ат күшінен 477 ат күшіне дейін арттырылды және ол сондай-ақ «автоматпен» жұптасады. Компаниядағылар жақында жол талғамайтын ZR2 пикабының жаңа нұсқасы пайда болады деп отыр. Оның да сыртқы пішіні мен салоны өзгеріске түспек. Chevrolet Silverado HD көліктерінің жаңартылған шоғыры АҚШ нарығына 2023 жылдың І тоқсанында шығады.
Биылғы тамызда Chevrolet жол талғамайтын Silverado ZR2 Bison пикабын таныстырған еді. American Expedition Vehicles компаниясымен бірлесіп жасаған бұл жаңа модельде күштік аспа қарастырылып, көлік түбінің қорғағышы берік етіліп және 18-дюймдық Goodyear дөңгелектері қойылған.
Silverado ZR2 Bison пикабы 10-сатылы автомат беріліс қорабымен жұптасатын 420-күштік 6,2 литрлік бензинді V8 моторымен шығады. Аспасы Multimatic амортизаторымен жетілдіріп, қозғалыстың жол талғамайтын режимдері қайта жасалған. Жаңа модель 2023 жылдың басында саудаға шығады.
Егор Васильев, корреспондент
07.10.2022, 10:44