BMW отын нарығының алдағы болашағында сутегіге үміт артады
Немістің көлік концерні электрлі көліктер өндірісі қарқындап жатқан қазіргі тұста сутегімен жүретін көлік әзірлеуге кірісті.
BMW көлік концерні сутегі отынымен жүретін автомобиль әзірлеген дұрыс деген ұстанымда. Олар бүгінгі күнде сәнге айналған электрокарларды ертең-ақ ығыстырады деп санайды. Бұл туралы Bloomberg жазып отыр.
«10 жылдай уақыттан бері жалғасып келе жатқан электрокарлар дәуірінен кейін сутегі келесі тенденцияға айналады», — деп келтіреді Bloomberg BMW AG басқарма төрағасы Оливер Зипсенің сөзін. — Аталмыш отын түрін ұлғайту мүмкіндігі туындаған кезде сутегі көлік жүргізу үшін ең сәнді затқа айналатын болады».
BMW сутегіні энергия көзі ретінде пайдалануды зерттеумен ертеректе бастады: 2005 жылы BMW V12 қозғалтқыштары үшін осы отына лайықталған 100 «Hydrogen 7» автомобилін жасаған болатын. Ал 2021 жылы концерн Германияда Халықаралық автосалонда сутегі элементтерімен жұмыс істейтін iX5 Hydrogen көлік концептісін таныстырды.
Биылғы тамыз айында компания сутек қозғалтқышты iX5 жол талғамайтын көлігінің сериялық нұсқасы үшін отын элементтерінің жүйелерін шығара бастады. Бұл автомобиль Құрама Штаттарда алдағы 5 жыл көлемінде сатылады деген сөз бар. Биылғы жылдың соңына қарай BMW iX5 автомобилінің 100 шақтысын Еуропа, АҚШ және Азия нарықтарына жеткізе бастайды.
Нәтижесінде BMW-ның қоржынында бес түрлі трансмиссия болады. Олар «таза», сондай-ақ топтың өз ішінде балама отын түрлерін әртараптандыруға көмектесу үшін гибрид болып келеді.
«2030 жылы Ұлыбританияда немесе Ұлыбританияда да, Еуропада да 2035 жылға қарай тек қана бір ғана трансмиссия болады деп айту өте қауіпті, — деп атады Зипсе. — Клиенттер үшін, сала үшін, еңбекпен қамту үшін, климат үшін, қай жағынан алып қарасаңыз да, бұл өте қауіпті».
Сутегі әзірлемелері тіпті Rolls Royce-қа қолданылуы мүмкін, деп мәлімдеді Bloomberg-ке берген сұхбатында Rolls-Royce Motor Cars бас директоры Торстен Мюллер-Отвос. Ондағылар BMW-ның eDrive электрлі жүйесімен жұптасқан сутегі отыны элементтерімен жұмыс істейтін трансмиссиялы автомобильдерге үміт артып отыр. Мұндай қозғалтқыш жүйенің жалпы қуатын 375 ат күшіне жеткізу үшін сутегіні электрге айналдырады, сөйте тұра ол қоршаған ортаға зиянсыз бу ғана бөледі.
«Топта, бұл, сірә, ұзақмерзімдік уақытқа барады деген пайымдау бар», — деп атап өтті Мюллер-Отвос.
Әлі күнге дейін кең таралмаған қуаттау желісін талап ететін электрэнергиясынан сутегінің үлкен артықшылығы — ол армирленген сутек талшықты пластик резервуарларда сақталатын отын элементтерінен қуат алады.
«Жақын арада қоршаған ортаға зиянсыз көлікпен ғана жүруге рұқсат етілетін нарықтар пайда болады, бірақ сізге қоғамдық қуаттау инфрақұрылымы қолжетімсіз болады, — дейді Зипсе. — Сутегі инфрақұрылымы да сізге қолжетімсіз дейтін боларсыз, бірақ біздің көліктердегі бакты әрбір алты немесе 12 ай сайын қайтадан қуаттауға болады».
BMW-ның отын элементтері литий және кобальт секілді шикізаттарға тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді, өйткені сутегі жүйесінде алюминийден, болат пен платинадан қорытылатын компоненттер пайдаланылады. Оның үстіне BMW-ның жерлес бәсекелестері — Mercedes-Benz мен Audi — сутекті автомобиль әзірлеуден бас тартып, оның орнына толықтай электрлі автомобильдер дайындауға ондаған миллион доллар құйды, сондықтан концерн ішкі нарықта белгілі бір уақытқа дейін монополист болмақ.
Десек те BMW сутекті көлік шығару үшін электрокарлардан толықтай бас тартайын деп отырған жоқ, әрі 2030 жылға қарай концерн MINI және Rolls-Royce секілділерден тұратын топ бойынша жалпы сауда көлемінде электрокарлардың үлесін 50%-ға дейін жеткізбекші. Ал бірақ BMW Ұлыбританияда Mini хэтчбэгінің электрлі нұсқасын шығаруды тоқтатты. Енді электрлі хэтчбэктері мен шағын жол талғамайтын көліктердің өндірісін Great Wall Motor Co бірлесіп Қытайда жолға қояды.
Былтырғы қарашада көлік өндірушісі электрлі Mini-ді Цзянсу провинциясында тұрғызылған жаңа зауытта 2023 жылдан бастап шығара бастайтынын хабарлаған еді. The Times басылымы Mini-дің жаңа басшысы Стефани Вурст айтқан сөзін келтірген. Онда ол электрлі және бензинді автомобильдерді бір желіде өндіру тиімсіз. Британияда электрлі Mini қайтадан шығарылатын болса, ол Great Wall әзірлеген құрастыру конвейерінің платформасында жүреді, ал қазіргі жұмыс істеп тұрған желілер болашақта күрделі жөндеу аясында бұзылады депті.
Егор Васильев, корреспондент
21.10.2022, 12:08