Меню CARMA.KZ

BMW-да Lamborghini Urus-қа бәсекелес пайда болды

Сыртқы өлшемдері бойынша XM моделі BMW шоғырындағы X5 және X6 модельдерінен үлкенірек.

BMW-да Lamborghini Urus-қа бәсекелес пайда болды / Фото: BMW
BMW-да Lamborghini Urus-қа бәсекелес пайда болды / Фото: BMW

Немістің автомобиль өндірушісі BMW жаңа XM кроссоверінің сериялық нұсқасын көрсетті. Оның негізгі бәсекелесі Lamborghini Urus болмақ, деп хабарлайды Autonews.ru ресурсы.

Автокөлікті компанияның биыл құрылғанына 50 жыл толатын Мюнхендегі спорттық М-бөлімшесінің мамандары әзірледі. XM автомобилі 1978 жыл шыққан M1 спорттық көлігінен кейінгі М-бөлімшесінің өз күшімен жасалған BMW тарихындағы екінші көлік. Ол италиялық сәнді автокөлік өндірушісінің алғашқы кроссовері болып саналатын Lamborghini Urus-қа мықты бақталас бола алады делінуде.

Өлшемдері бойынша BMW XM италиялық «бәсекелесіне» өте ұқсас. Олардың ұзындығы және («немістікі» — 5110 мм және «италиялықтікі» — 5112 мм), ені (2005 мм және 2016 мм) бірдей. Бірақ BMW-ның жаңа кроссовері Lamborghini Urus-қа қарағанда, айтарлықтай биік («немістікі» —  1755 мм және «италиялықтікі» — 1638 мм) болып келеді. Сонымен қатар, XM өлшем жағынан да өзінің шоғырындағы X5 (4665 x 1870 x 1705 мм) және X6 (4876 x 1983 x 1684 мм) кроссоверлерінен үлкенірек.

Немістің жаңа кроссоверіне 489 ат күші бар 4,4 литрлік V8 мотор «жан бітіреді». Агрегат сегізсатылы автоматпен және 196 күштік электрлі мотормен бірлесе жұмыс істейді, толық жетекті, жаңа модельдің қуат көлемі 652 ат күшіне тең. Ал толықжетекті италиялық бәсекелесінде жалпы қуаты 650 ат күшіне тең 4,0 литрлік Audi V8 қозғалтқышы орнатылған. Неміс көлігі 4,3 секундта жылдамдығын сағатын 100 шақырымға екпіндете алса, ал Lamborghini Urus-тың көрсеткіші 3,3-тен 3,6 секундқа дейін барады.

Немістің жаңа моделі максималды жылдамдық жағынан италиялық бәсекелесінен аса алмайды. BMW XM-да ол 250 км/сағ болса, Lamborghini Urus-тікі 305 км/сағ. Оның себебі көліктің салмағында бола керек: өйткені немістің кроссовері 2750 кг, ал Lamborghini Urus-тың салмағы 2200 кг тартады. Есесіне гибрид қозғалтқыш BMW X шоғырының жаңа мүшесіне электрлі қуатпен 88 шақырым жүріп өтуіне мүмкіндік береді. Ал италия өкілі келсек, ол тек ішкі жану қозғалтқышымен жұмыс істейді.

BMW XM-да жантаюды тұрақтандыратын электронды-механикалық жүйе мен 23-дюймдық дискілер бар. Алдағы уақытта көліктің 745-күштік нұсқасы да пайда болмақ: оның өндірісі концерннің АҚШ-тағы зауытында биылғы жылдың соңына дейін басталады. Автомобильдің бағасы 160 мың доллардан (75,2 млн теңге) асады. Салонды безендіруде төрт түрлі түсті материалды таңдауыңызға беріледі, оның екеуі тегін, ал екеуі үшін ақы төлеу қажет. Опциялардан: бүйір есіктері мен алдыңғы панель —  таза терімен, төбесі былғарымен қапталған

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
06.10.2022, 15:20