BMW автомобильдері жүргізушіге шанақтың бүлінгенін хабарлап отыратын болады
Мұндай жаңа технология BMW автомобильдерінде қашан пайда болатыны әзірге белгісіз.
Әлемдегі ірі көлік алпауыты болып табылатын BMW өзінің автомобильдері үшін жаңа технология жасап шығарды. Ол шанақ бүлінген жағдайда көлік иесіне хабар беріп отырады.
BMW көліктеріне жұқа пленка жабылып, ол бойынша тоқ жүріп тұратын болады. Автомобильде сызық немесе басқа да бүлінулер пайда болған жағдайда, технология ол туралы көлік иесіне бірден хабар береді, деп жазады «Автовзгляд».
Хабар жүргізушінің таңдауы бойынша екі түрлі әдіспен беріледі. Біріншісінде түрлі жарық және дыбыстық белгі береді. Бірақ ол кәдімгі дабылдың баламасы ма, жоқ әлде құралдар панелінде сигнал пайда бола ма, ол жағы нақты айтылмаған. Екінші әдісі смартфонға хабарлама келеді де, осыдан соң көлік иесі бейнетіркегішті қашықтан тұрып қоса алады.
Жаңа технология BMW автомобильдерінде қашан пайда болатыны әзірге белгісіз. Оның патенті қарастырылып жатыр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.10.2022, 15:25