Меню CARMA.KZ

АвтоВАЗ биылғы қыркүйекте ішкі сауданы 20%-ға арттырды

2022 жылдың қыркүйегінде Ресейдің өз ішінде Lada-ның саудасы өткен аймен салыстырғанда, 14%-ға артты.

АвтоВАЗ биылғы қыркүйекте ішкі сауданы 20%-ға арттырды / Фото: АвтоВАЗ
АвтоВАЗ биылғы қыркүйекте ішкі сауданы 20%-ға арттырды / Фото: АвтоВАЗ

2022 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, Ресейде Lada маркасының 20,6 мыңнан астам автомобилі сатылды. Бұл өткен аймен салыстырғанда, 14,1%-ға және 2021 жылғы қыркүйекке қарағанда 20,1%-ға жоғары, деп хабарлайды Lada.ru ресурсы.

«Соңғы екі айдағы сауда көрсеткішінің артуы, мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламаларының жоғары тиімділігін көрсетеді. Қазір бөлшек саудасының 60%-дан астамы осы құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. АвтоВАЗ сатып алушыларымызға жоғары сұраныстағы Lada модельдерін үздіксіз режимде қамтамасыз ету үшін қолдан келгенді жасап жатыр және нарықтың даму үрдістерін мұқият қадағалап отыратын боламыз», — деп түсіндірді «АвтоВАЗ» АҚ президенті Максим Соколов.

Алайда, тамыз бен қыркүйекте оң нәтиже бола тұра, жалпы 9 айдың қорытындысы бойынша, ресейлік концерннің сату динамикасы өткен жылмен салыстырғанда төмен болып қала бермек. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ресейлік Lada дилерлері 123 765 мың көлік сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 54%-ға төмен. Биыл АвтоВАЗ кәсіпорындары ұзақ уақыт қаңтарулы тұрғандықтан осындай салдарға тап болды. Сәуірден бастап жұмыс тоқтап тұрды, тек тамыз айында концерн жұмыс кестесін толығымен қалпына келтірді.

Қыркүйек айында Ресейде АвтоВАЗ саудасында Lada Granta моделі алдыңғы орында болды. Оның сату көрсеткіші өткен жылдың қыркүйегіне қарай 3,5 есе (245%) өсіп, 13 421 мың көлікті құрады, деп хабарлайды автоөндірушінің баспасөз қызметі. Lada Niva Legend жол талғамайтын көлігі 2 133 мың көлікпен саудада екінші орынға (2021 жылдың қыркүйегіне қарай 4,2 есе немесе 315%-ға өсті) шықты. Сондай-ақ, Lada Niva Travel жол талғамайтын көлігінің де саудасы өрге басып тұр. Оның 1306 мың көлігі (2021 жылдың қыркүйегіне қарай +28% және 2022 жылдың тамызына қарай +139,6%) сатылды.

Тамыз айының ортасында Lada Niva Travel моделінің өндірісі қауіпсіздік жастықтары мен ABC опцияларынсыз, жеңілдетілген жиынтықта қайта жанданды. Биылғы тамыздың соңында бұл көліктер дилерлерге келе бастады. Сонымен қатар, мемлекет 2022 жылдың 1 маусымынан кейін шығарылған ресейлік Lada Granta, Niva Legend және Niva Travel автомобильдерін сатып алушылар үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын енгізді. Бұл жаңа көлікті автомобиль құнынан 20% жеңілдікпен сатып алуға (Қиыр Шығыс тұрғындары үшін — 25%) мүмкіндік береді. Бірақ көлік 2 млн рубльден (15,6 млн теңге) қымбат болмауы тиіс.

Бағдарлама кем дегенде кәмелетке бір баласы бар отбасыларға, дәрігерлер мен мұғалімдерге, сондай-ақ көлік құралын бірінші рет сатып алатын жүргізушілерге қол жетімді. Дәл осындай шартты алты жылдан асқан көліктерді саудаға тапсырушылар қолдана алады. Бірақ олар кем дегенде бір жыл иелік етуі тиіс. Бағдарлама 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
05.10.2022, 13:09