Меню CARMA.KZ

Астанада ақылы тұрақтарда ақыны кейін төлеу мүмкіндігі пайда болды

Тұрақ үшін ақыны сол күні сағат 23:59 минутқа дейін төлеу қажет.

Астанада ақылы тұрақтарда ақыны кейін төлеу мүмкіндігі пайда болды / Фото: Астана тұрақ кеңістігі
Астанада ақылы тұрақтарда ақыны кейін төлеу мүмкіндігі пайда болды / Фото: Астана тұрақ кеңістігі

«Астана тұрақ кеңістігі» төлемді тұрақтан кеткен соң төлеу  мүмкіндігін енгізді. Төлемді сол күні сағат 23:59 минутқа дейін төлеу қажет, сонда оператор айыппұл есептемейді.

Аталған жаңа функция «Астана тұрақтары» мобильді қосымшасында және astanapark.kz сайтының жеке кабинетінде пайда болды. Кейін оны қазақстандық банктердің мобильді қосымшасындағы төлемдер қатарына енгізу қарастырылып жатыр, деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігі» баспасөз қызметі.

«Біз пайдаланушыларымыздың тілегін ескердік. Енді тұрақ үшін сол күн ішінде төлеуге болады.  Төлем жасайтын кезде  тұрақ аймағының нөмірін, тұраққа қою сессиясының басталуы мен ұзақтығын, көліктің техқұжатындағы мемлекеттік нөмірін қатесіз енгізу қажет. Егер сол күні сағат 23:59 минутқа дейін төленсе, айыппұл келмейді», — деп мәлімдеді «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесі.

Естеріңізге сала кетейік, ақылы тұрақтағы 1 сағаттың құны 100 теңгені құрайды. Жұмыс уақыты — қауырт күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тұрақ тегін.

Astanapark.kz порталының деректері бойынша, Астанада 6 098 орынға есептелген 346 ақылы тұрақ бар.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.10.2022, 17:06