Меню CARMA.KZ

АҚШ-та электрлі көліктер жаңбырдан кейін өртене бастады

Нөсер жаңбырдан автомобильдің аккумуляторлық батареялары тотығып, ол тұйықталу мен тұтануға себеп болған.

АҚШ-та электрлі көліктер жаңбырдан кейін өртене бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
АҚШ-та электрлі көліктер жаңбырдан кейін өртене бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

АҚШ-та Флорида жағалауындағы Иен дауылынан бірнеше апта өткен соң электр көліктер жарыла бастады, деп хабарлады Motor.ru ресурсы.

Иен дауылы — төртінші деңгейлі жойқын дауыл, 2022 жылдың қыркүйегінде Американың Атлант жағалауын жайлап кетті. АҚШ-та Флорида жағалауы дүлей апатқа тап болды. Дауыл кезінде 100-ден астам адам қаза тапты, бірақ биліктің айтуынша, құрбан болғандардың саны артуы мүмкін. Қираған мүліктің көлемі 40 миллиард долларға бағаланады. Бұл шығын сомасына электрлі көліктердің жарылып, өртенген жағдайлары әлі енгізілмеген.

Электрлі көліктерге табиғи апаттың тигізген зардабы бірнеше аптадан кейін анықталды. Сондай көліктердің иелері «темір тұлпарлары» жүріп келе жатқан кезде кенет өртене бастағанын айтады. Тек соңғы күндердің өзінде жолдарда онға жуық электрлі көлік өртеніп кеткен. Сарапшылар әлі күнге дейін «жасыл» көліктердің жану мәселесін қалай шешуге болатынын білмейді. Дегенмен, қазір  көліктің жарылуына себеп болатын өздігінен оттың ұшқындалу себебі анықталды.

Сарапшылардың пайымдауынша, дауыл кезінде жағалауда жауған қатты жаңбырдан кейін автомобильдердің аккумуляторы катты ылғалданып, қуат көздерінде коррозия пайда болған. Олар неғұрлым тотыққан сайын, өрт шығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, кейде тіпті жарылысқа әкеп соғады Ал бұл мәселенінің шешу жолын білмейді.

Шешімі электрокарлардағы аккумуляторды ылғалға төзімді тауашаға «орнату» болуы мүмкін. Бірақ, біріншіден, бұл электрлі көліктердің қымбаттатып және сұраныстың төмендетіп жіберуі мүмкін. Ал екіншіден, бұны жаңадан шығарылған көліктерге қолдануға болады. Нарыққа шығарылған электрокарларды қайтадан жабдықтау керек пе әлде бұл мәселеге елең қылмай жүре бермек пе,  өндірушілер әлі бір шешімге келген жоқ.

Мәселе мынада, Флорида бүкіл Америкадағы электромобильдер нарығының көлемі бойынша екінші орында. Бұл штатта шамамен 95 мың «жасыл» көлік тіркелген және олардың қаншасы дауылдан зардап шеккені әлі белгісіз. Бұл электромобильдерге сұранысты азайтып жіберері анық. Жаздың соңында француздың AXA сақтандыру компаниясының сарапшылары зерттеу жүргізіп,  әдеттегі жану қозғалтқыштары бар автомобильдерге қарағанда, электромобильдер соқтығысқан кезде жолаушылар үшін әлдеқайда қауіпті екенін анықтады.

Сонымен қатар, электрлі көліктердің апат салдарынан алған зардаптарын жою тым қымбатқа түседі. Мәселен, электрокарлардың көпшілігінде аккумулятор шанақтың төменгі жағында орналасқан. Сондықтан соқтығысқан кезде түбіне немесе табалдырығына механикалық зақым келтіру өте қымбат жөндеуге шығады. AXA сарапшыларының тұжырымдары бойынша батареялы автомобильдерден болатын негізгі қауіп өте жоғары айналу сәтінде болып отыр. Салдарынан жылдамдық үдеп, кейде тіпті көлікті тежей алмай қалады. Дәл осы себептен электрлі көліктердің кесірінен көптеген апат орын алады.

Осы ретте сақтандырушы мамандар ішкі жану қозғалтқышы бар автомобильдерде де, электрокарларда да өртену қаупі өте төмен деп санайды. Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін соқтығысу нәтижесінде 10 мың  автомобильдің бесеуі ғана өртенеді. Алайда, Иен дауылы электрлі көліктердің қауіпсіз емес екендігін көрсеткен секілді.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
14.10.2022, 12:47