АҚШ ғалымдары автомобильдерге арналған бояу-кондиционер жасады
Көлікке арналған әлемдегі аппақ бояу күн сәулесінің 98%-ын көрсетеді.
Америкалық Пердью университетінің ғалымдары автоөнеркәсіптің қажеттіліктеріне бейімдеп, әлемдегі аппақ бояуды әзірледі, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.
Америкалық вуздың ғалымдарымен әзірленген әлемдегі аппақ бояу, бір жыл бұрын Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол күн сәулесінің 98,1%-ына дейін көрсете алады. Ал қазіргі заманауи аналогтартың көрсеткіші 90%-дан аспайды. Сарапшылар өнімді барий сульфатымен барынша қанықтыру арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді. Яғни қағазға және кейбір пластмассаларға ақ түс беретін уланбаған затты қолданған.
Осыдан бір жыл бұрын, тәжірибе барысында ол бояу-кондиционердің қызметін атқара алатыны белгілі болды. Ғалымдар эксперимент үшін алынған 93 шаршы метрлік бөлменің төбесін жаңа бояумен бояды. Нәтижесінде, төбе сырттағы температурадан 5 градус Цельсийға салқынырақ болды. Ал төбесі боялған бөлмеде қуаты 10 кВт кондиционер жұмыс істеп тұрды және ол көрші бөлмемен бірдей салқындатылды. Осы кезде бұл бояуды автоөнеркәсіпте кеңінен қолданылатыны айтылды.
Алайда, бояу-кондиционер бастапқы нұсқасында айтарлықтай кемшілігі болды. Максималды нәтижеге жету үшін, қабаттың қалыңдығы кем дегенде 400 микрон болуы керек еді. Яғни оны қолдану шекарасы шектелді. Өйткені, көлік құралдарын бояуға қолайлы көрсеткіш шамамен 150 микронды құрайды. Сондықтан Пердью университетінің ғалымдары аппақ бояудың құрамын қайта тәжірибелеудің арқасында жетістікке жетті.
Олардың соңғы әзірлемесі әдетте майлау материалдарында қолданылатын гексагоналды бор нитридін пигмент ретінде пайдаланатын, сфералық нанобөлшектердің орнына нанопластинкалары бар жоғары кеуекті бояу болды. Оның шағылыстырғыш қасиеттері 97,8%, бастапқы нұсқадан сәл төмен. Дегенмен, «кондиционер әсеріне» қол жеткізу үшін бетіне жағылатын қажетті қабаттың қалыңдығы 250 микронға азайды.
«Бояудың жаңа нұсқасының тағы бір артықшылығы — салмағы 80%-ға төмендетілуі. Бұл оны қолдану аясын кеңейтті. Енді автомобильдерді, сондай-ақ ұшақтар мен ғарыш кемелерін осынау аппақ түске бояуға болады. Шыны керек, жолдардағы жарқыраған ақ көліктердің көп болуы, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көзіне шағылысып, кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ ғалымдар бұл әсер туралы әзірге үнсіз», — деп жазады Motor.ru ресурсы.
Осы жазда Koyo Orient Japan Рене ательесінің жапон дизайнерлері, Porsche шанағы әлемдегі әлемдегі сүліктей қара акрил бояулардың бірі — Musou Black бояуымен боялған Porsche 911 көлігін көрсетті. Спорттық көлік жарықты жұтылдырып жіберетіндіктен, ол жолдағы қара ноқатқа ұқсайды. Сондықтан оны түнде жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Ал 2019 жылы Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары әлемдегі қап-қара бояуды ойлап тапты. Ол барлық көрінетін жарықтың 99,9%-ына дейін сіңіреді. Бұл бояу автомобильдегі пешті алмастыра алады. Өйткені ол түскен жарықты жинап, оны жылуға айналдырады. Бірақ автоөнеркәсіпте бұл өнертабыс әлі қолданылмайды.
Егор Васильев, корреспондент
06.10.2022, 14:14