Меню CARMA.KZ

Желіде жаңартылған Hyundai Sonata-ның суреттері жарияланды

Hyundai үлкен рестайлинг дайындап жатыр. Ол Sonata-ның тарихындағы соңғы 40-сы болмақ.

Желіде жаңартылған Hyundai Sonata-ның суреттері жарияланды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Желіде жаңартылған Hyundai Sonata-ның суреттері жарияланды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

WoopaTV-ның Youtube-арнасында Hyundai Sonata 8-ші буынының суреттері жарық көрді. Демек бұл корея бренді Sonata-ның жаңа нұсқасын дайындап жатқанын дәлелдейді. Өйткен бұған дейін инсайдерлер Hyundai аталмыш модельді шығаруды доғарады, оған түрлендіру жүргізіп жатқан жоқ деп айтқан болатын.

Рестайлингтен өткен Sonata-ның дизайны жаңа Hyundai Grandeur-ге қарап жасалғанға ұқсайды. Әйтсе де платформасы, бәлкім күштік агрегаттары да бұрынғысынша қалатын секілді, деп жазады Motor.ru. порталы.

Биылғы қаңтарда компания Асанадағы зауытта Sonata мен Grandeur шығаруды тоқтатып, аталған желілерді Ionic 6 EV моделін шығаруға ауыстырды. Hyundai біртіндеп ішкі жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін автомобильдерден бас тартып жатыр. Бұл процес 2035 жылға қарай толықтай аяқталмақ.

Hyundai Sonata-ны 1985 жылдан бері шығарып келеді. Бұл модельден әлем бойынша 9 млн автомобиль сатылған. Соңғы нұсқасы 2019 шықты. Қазақстанда Sonata сұраныстағы модельдің бірі. Қазақстан Автобизнес Қауымдастығының деректері бойынша, отандық өндірістен шыққан көліктердің саудасы бойынша 2022 қаңтар мен сәуір аралығында Hyundai Sonata екінші орында тұрды. Барлығы, оның ішінде экспортты қоса алғанда 2 490 данасы сатылыпты. Маусым айында қазақстандықтар 519 Sonata автомобилін сатып алған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
03.09.2022, 09:45