Меню CARMA.KZ

Volkswagen Оңтүстік Кореяда электрлі кроссоверінің саудасын бастады

Жаңа модель корея нарығында Hyundai Ioniq 5 және KIA EV6 модельдерімен бәсекелесетін болады.

Volkswagen Оңтүстік Кореяда электрлі кроссоверінің саудасын бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Volkswagen Оңтүстік Кореяда электрлі кроссоверінің саудасын бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Volkswagen корея нарығында өзінің ID.4 моделін таныстырды. Бұл неміс компаниясының алғашқы толықтай электрлі кроссовері болып табылады. Оңтүстік Кореяда Volkswagen ID.4 моделі Hyundai Ioniq 5 және KIA EV6 модельдерімен бәсекелеседі.

Кореяда бұл автомобильдің бағасы 39,4 мың доллар (18,5 млн теңгеге жуық) шамасында тұрады. Электрлі көлік сатып алатындарға төленетін субсидияның арқасында Volkswagen ID.4 бағасы 28,7 мың долларға дейін (13,5 млн теңгеге жуық) төмендеуі мүмкін. Олай болса бұл Оңтүстік Корея нарығы үшін өте арзан импорттық көлік болмақ.

Автомобиль 826 кВтсағат батареямен жабдықталған, бұл оның үстеме қуатынсыз 406 шақырымға дейін жүріне мүмкіндік береді. Ал батареяны 80%-ға дейін қуаттауға 36 минут қана жеткілікті.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлем бойынша 182,6 мың Volkswagen ID.4 моделі сатылған. Автомобильдің өзі 2020 жылдың қыркүйегінде пайда болды, деп жазады Chosunilbo.

Жаңа автомобильдің таныстырылымында Volkswagen Korea-ның атқарушы директоры Саша Аскиджиан неміс концерні экологиялық таза көліктерге көшуде бәсекелестерінен қалып келеді деген сарапшылардың мәлімдемесіне жауап берді. Оның айтуынша, электромобильдер дәуірі енді басталып жатыр, компанияның баламалы энергия көздерінен қуат алатын модельдер түрін кеңейтіп, 2050 жылға қарай қоршаған ортаға көмірқышқыл газын бөлуді жою жоспары бар.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.09.2022, 12:45