Меню CARMA.KZ

Volkswagen чип тапшылығы мәселесі 2023 жылы да шешілетінінен үмітті емес

Сала үшін көлік чиптерінің жетіспеушілігі қалыпты жағдайға айналды, деп отыр көлік концерніндегілер.

Volkswagen чип тапшылығы мәселесі 2023 жылы да шешілетінінен үмітті емес / Фото: Reuters
Volkswagen чип тапшылығы мәселесі 2023 жылы да шешілетінінен үмітті емес / Фото: Reuters

Немістің Volkswagen AG көлік концерні автомобиль өндірісіне қажетті чиптердің тапшылығы мәселесі келесі жылы да шешіледі деп ойламайды, деп жазады Reuters агенттігі.

Басылым Volkswagen-ның сатып алу бөлімінің басшысы Мұрат Акселдің директор кеңесінде айтқан пікіріне сілтеме жасаған. Концерн өкілі көлік өндірушілер көлік чиптерінің тапшылығына «жаңа қалыпты жағдай» ретінде қараулары керек — көптеген жеткізу тізбегі үзіліп қалды, оны қайта жалғау жақын уақытта мүмкін болмайды деген. Атап айтқанда, Аксельдің бағалаулары бойынша, 2023 жылы чиптердің тапшылығына қатысты жағдай өзгермейді, демек жалпы көлік нарығының толыққанды қайта қалпына келуі туралы айту ертерек.

Volkswagen өкілі, сонымен қатар, коронавирус індетімен бірге басталған микроэлектроника жеткізудегі проблемалар әлемдегі барша көлік өндірушілерінің қалыпты жұмыс істеуіне екі жылдан бері кедергі келтіріп жатқанын тілге тиек етті. Микроэлектроника дайындаушылар әлі күнге дейін кейінге қалдырылған сұранысты қанағаттандыра алмауда, ал көлік өнеркәсібі болса чиптерді жоғары бағаға сатып алуға жағдайы бар Apple секілді технология алпауыттарымен бәсекелесе алмай отыр.

Оған қоса геосаяси ахуалға байланысты зауыттарды жабдықтауда жаңа мәселелер туындауы мүмкін, сондықтан Volkswagen мұндай жағдайға да дайындалуда, деді Аксел. Мәселен, оның айтуынша, неміс өндірушілері көктемде үзіліп қалған Украинадан сымдардың бұрауларын жеткізу мәселесін шешкен. Қазір бұл құрамдас Германиядағы зауыттарға қажетті көлемде келіп жатыр. Әйтсе де жиынтықтағыштармен қамтамасыз етуде басқа да ықтимал мәселелер бар.

Соның бірі автомобиль әйнектерінің жетіспеушілігі болуы да мүмкін: тамызда сарапшылар Еуропада энергия тасығыштардың күрт қымбаттауына байланысты оларды өндірудің өзіндік құны да айтарлықтай өседі, сондықтан аталмыш жиынтықтағыштарды еуропалық өндірушілерден сатып салу тиімсіз болмақ. Осыған байланысты бәсекелестері секілді Volkswagen де көліктердің маңдайалды, артқы және бүйір әйнектеріне қор жасап, газ жеткізу дағдарысы туындау қаупі жоқ елдерден шыны әйнек жеткізушілерді іздей бастады.

Дей тұрғанмен, биылғы жылдың шілде айында неміс өндірушілерінің бірқатары (Mercedes Benz AG, Daimler Truck Holding AG және BMW AG) чиптерге қатысты жағдай дұрысталғанын, тіпті толықкөлемде жұмысқа қайта оралуға қажетті мөлшерде барын мәлімдеген еді. Mercedes Daimler Truck брендінің басшысы Карин Радстром чиптерді жеткізудің жақсара түскенін инфляцияға байланысты тұрмыстық техникаға сұраныстың төмендеуі себеп болды деп түсіндірген еді.

Әлемдік көлік нарығы 2020 жылдан бері қозғалтқыштарға арналған электронды басқару блогы, сыртқы электрлі құралдар, тахографтар, құралдарды басқару панелі, мультимедиалық және навигациялық жүйелер үшін қажеті микросхемалардың жетіспеушіліне тап болды. Аталмыш жиынтықтауыштардың өндірілу көлемі індетке байланысты қысқарған еді, бірақ былтыр қалпына келіп, ал 2022 жылдың басында оның қысқаруына Украинадағы жағдайға байланысты әртүрлі елдерде жиынтықтағыштар шығаратын кәсіпорындарға қойылған шектеу шаралары себеп болды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
20.09.2022, 10:48