Меню CARMA.KZ

«Вираж» сататын барлық брендтеріне trade-in бағдарламасын іске қосты

Бағдарлама 2022 жылдың 15 қыркүйегінде басталды.

«Вираж» сататын барлық брендтеріне trade-inn бағдарламасын іске қосты / Фото: Вираж
«Вираж» сататын барлық брендтеріне trade-inn бағдарламасын іске қосты / Фото: Вираж

«Вираж» компаниялар тобының дилерлік орталықтары trade-in бағдарламасы аясында жаңа көлік сатып алу үшін бастапқы жарна немесе жартылай төлемі ретінде ұсталған көліктерді қабылдайды. Бағдарламаға компания сатып жатқан барлық көлік құралдары мен коммерциялық техника қатысады.

«Дилерлік орталықтарда бүгінде Қазақстанда сатылмайтын автомобильдердің бірегей модельдерін де қабылдайды. Клиенттер жеңіл көліктерін өткізіп, коммерциялық техника сатып ала алады», — деп түсіндірді CARMA.KZ редакцисына «Вираж» КТ маркетинг жөніндегі директоры Қарлығыш Қайырбекова.

Trade-in бағдарламасы бірнеше кезеңге бөлінген:

  • сатып алушы «Вираж» КТ дилерлік орталығына өтініш білдіреді;
  • сатып алатын автомобильді немесе техниканы таңдайды;
  • анкета мен өзінің көлік құралына бағалау жүргізуге өтінім толтырады;
  • бағалау мен диагностика жүргізіліп, осыдан соң «Вираж» көлік құралын сатып алатын бағаны айтады;
  • клиент өзінің көлік құралының орнына автомобиль немесе техника сатып алады.

Қарлығаш Қайырбекова көлік құралына «Вираж» сарапшылары бағалау жүргізеді. Алайда клиент бағалау мен диагностиканың нәтижесіне қарсылық білдіреді алатынын атап өтті.

Trade-in бағдарламасы бойынша барлық рәсімдеу шарасы бірнеше сағаттан бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
21.09.2022, 18:01